Текст страницы
KZ
Қарқынды
Бұл функция қатты ластанған кірді жуу кезінде жоғары жуу
нәтижелеріне қол жеткізуге арналған.
Жылдам
Бұл функцияны таңдағанда, тиісті бағдарламаның ұзақтығы 50 %
қысқарады.
Жылдам+
Бұл мүмкіндікті таңдағанда, тиісті бағдарламаның ұзақтығы мүмкін
минимумға дейін қысқарады. Аса ластанбаған кірді жууға жарамды.
Қосымша шаю
Бұл опцияны таңдау арқылы шаюдың тиімділігі артады және жуғыш
затты оңтайлы түрде шығару орындалады. Ол әсіресе сезімтал тері
үшін пайдалы.
КҮТІМ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Тазалау және техникалық қызмет көрсетпес бұрын, кір жуғыш
машинаны өшіріп, оны розеткадан ағытыңыз. Кір жуғыш машинаны
тазалау үшін жанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды.
Су және қуат жеткізу көздерін ағыту
Жуып болған сайын су шүмегін жабыңыз. Бұл кір жуғыш машинаның
ішіндегі гидравликалық жүйенің тозуын шектейді және су ағып
кетудің алдын алуға көмектеседі.
Кір жуғыш машинаны тазалаған кезде және техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын орындаған кезде оны токтан ажыратыңыз.
Кір жуғыш машинаны тазалау
Құрылғының сыртқы жақтары мен резеңкеден жасалған құрамдас
бөліктерін жылы сабынды сумен суланған жұмсақ шүберекпен
тазалауға
болады.
Еріткіштерді
немесе
абразивті
заттарды
қолданбаңыз.
Кір жуғыш машинада ішкі бөлшектеріне арналған «Өзін-өзі тазалау»
циклі бар; оны орындаған кезде, барабанға ештеңе салмау керек.
Бұл циклді оңтайландыру үшін кір жуғыш машинаны тазалау
мақсатымен жуғыш затты (аз ластанған киімдер үшін берілген
мөлшердің 10%) немесе арнайы қосымша заттарды пайдалануға
болады. Тазалау циклін 40 жуу циклінен кейін бір рет іске қосқан
абзал.
Циклді бастау үшін
және
түймелерін бір уақытта 5 секунд
басып тұрыңыз.Цикл автоматты түрде басталады және шамамен
175 минутта орындалады. Циклді тоқтату үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА
ТҰРУ
түймесін басыңыз.
Жуғыш зат диспенсерінің тартпасын тазалау
Оны су ағыны астында жуыңыз; бұл әрекетті жиі қайталап тұру керек.
Есікке және барабанға күтім көрсету
Жағымсыз иістер пайда болмауы үшін есікті әрқашан сәл ашып қою
керек.Сорғыны тазалау
Кір жуғыш машина ешбір техникалық қызмет көрсетуді қажет
етпейтін, өзін-өзі тазалайтын сорғымен жабдықталған. Кіші заттар
(мысалы, тиындар немесе түймелер) сорғының астындағы алдыңғы
қорғау камерасына түсіп кетуі мүмкін.
! Жуу циклі аяқталғанына көз жеткізіңіз де, құрылғыны розеткадан
ағытыңыз.
Алдыңғы камераға қол жеткізу үшін:
1. қақпақ панелін алдымен ортасынан басу және одан кейін шығарып
алынатындай оны екі жағынан ұстап, төмен қарай тарту арқылы
панельді шешіп алыңыз;
2. ағызу сорғысының қақпағын сағат тіліне қарсы бағытпен бұрап,
босатыңыз: біраз су ағуы мүмкін, оған алаңдамаңыз;
3. ішін жақсылап тазалаңыз;
4. қақпақты орнына бұраңыз;
5. панельді құрылғыға итеріп кіргізбес бұрын, ілмектер орнына
түскеніне көз жеткізіп, панельді орнына салыңыз.
Судың кіріс түтігін тексеру
Судың кіріс түтігін кем дегенде жылына бір рет тексеріңіз. Ол
шытынаған немесе сынған болса, оны ауыстыру қажет: жуу циклдері
орындалған кезде судың жоғары қысымы түтікті күтпеген кезде
жарып жіберуі мүмкін.
! Бұрын қолданылған түтіктерді пайдаланушы болмаңыз.
Оңай үтіктеу
Бұл
функцияны
таңдау
арқылы
жуу
және
сығу
циклдары
тыртыстардың пайда болуын азайтатындай өзгертіледі. Циклдың
аяғында кір жуғыш машинаның барабаны баяу айналады, ал ОҢАЙ
ҮТІКТЕУ және БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
индикатор шамдары
жыпылықтайды, ал
гжарық диоды қалыпты түрде жанып тұрады.
Цикл автоматты түрде аяқталады.
Кешіктіріп бастау
Бұл функцияны таңдағанда, бағдарламаның аяқталуын 9 сағатқа
дейін кейінге қалдыруға болады.
Таңдалған бағдарламаны кідіріспен іске қосу үшін, тиісті батырманы
жуудың қажетті аяқталу уақытына дейін (3H-6h-9H) басыңыз.
Түймені төртінші рет басқан кезде бұл функция өшеді.
БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесін басқаннан кейін кері санау
басталады.
Температура
Әрбір жуу циклінің алдын ала белгіленген температурасы бар.
Температураны өзгерту үшін
түймесін басыңыз.
Отжим
Әрбір жуу циклінің алдын ала белгіленген сығу жылдамдығы бар.
Сығу жылдамдығын өзгерту үшін
түймесін басыңыз.
PUSH & GO
PUSH & GO циклін бастау үшін тиісті түймені басып, 2 секунд ұстап
тұрыңыз. Индикатор шамының жанғаны циклдің басталғанын
білдіреді. Бұл жуу циклі мақта-мата немесе синтетикалық маталар
үшін ең қолайлы, себебі ол 40°С температурасымен және 1000
айналым/минут жылдамдығымен жуады. Максималды жүктеме 5 кг
(цикл ұзақтығы 70’).
Циклдың соңғы кезеңінде киімдер бумен өңделеді, соның арқасында
талшықтар жұмсарып, үтіктеу оңай әрі тез болады.
Ол қалай жұмыс істейді?
1. Кірлерді (мақта және/немесе синтетикалық киімдер) салып, есікті
жабыңыз.
2. Жуғыш затты және қосындыларды құйыңыз.
3. PUSH & GO түймесін басып, 2 секунд ұстап тұру арқылы циклді
іске қосыңыз. Тиісті индикатор шамы жанып, есік құлыпталады (
таңбасы жанады).
Ескертпе: жуу циклі PUSH & GO түймесімен басталса, мақта-мата және
синтетикалық маталарға ұсынылатын реттелмейтін, автоматты цикл
қосылады. Бұл цикл ешбір қосымша опцияны орнатуға мүмкіндік
бермейді.
Автоматты цикл орындалып жатқан кезде есікті ашу үшін БАСТАУ/
ТОҚТАТА ТҰРУ
; түймесін басыңыз; есік құлыптаулы таңбасы
өшсе, демек есікті ашуға болады. Циклді тоқтатылған жерінен
қайта бастау үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ
түймесін тағы бір рет
басыңыз.
4. Бағдарлама аяқталғаннан кейін
инд ика тор шамы жанады.
ЖҮКТІ ТЕҢЕСТІРУ ЖҮЙЕСІ
Әрбір сығу циклынан бұрын, әрбір сығудан бұрын шамадан тыс
дірілдеудің алдын алу және жүкті біркелкі түрде тарату үшін, барабан
жуу кезіндегі айналу жылдамдығын сәл көбірек жылдамдықпен
айналып тұрады. Егер бірнеше әрекеттен кейін жүк дұрыс
теңестірілмесе, құрылғы төмендетілген сығу жылдамдығында
айналдырады. Егер жүк тым теңестірілмеген болса, құрылғы сығу
орнына тарату үдерісін орындайды. Жүктің таралуы мен теңестірілуін
жақсарту үшін кіші және үлкен киімдерді аралас салуды ұсынамыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАР
Төмендегі керек-жарақтар осы кір жуғыш машина моделіне сәйкес
келетін не келмейтінін тексеру үшін Техникалық көмек көрсету
қызметімізге хабарласыңыз.
Үйіп қою жинағы
Осы керек-жарақпен кептіргішті кір жуғыш машинаның жоғарғы
жағына бекітуге болады, соның арқасында орын үнемделіп,
кептіргішті салу және шығару жеңілдейді.
ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ КӨТЕРУ-ТҮСІРУ
Кір жуғыш машинаны жоғарғы бөлігінен ұстап көтеруге болмайды.
Құрылғыны розеткадан ағытып, су шүмегін жабыңыз. Есік және
жуғыш зат диспенсерінің тартпасы мықтап жабылғанына көз
жеткізіңіз. Су құю түтігін су шүмегінен ағытыңыз, одан кейін ағызу
түтігін ағытыңыз. Түтіктерде қалған суды төгіп, оларды тасымалдау
кезінде зақымдалмайтындай етіп бекітіңіз. Тасымалдау болттарын
қайта орнатыңыз. «Орнату нұсқаулары» тарауында сипатталған
тасымалдау
болттарын
шешіп
алу
процедурасын
керісінше
орындаңыз.
ТҮЙМЕЛЕРДІ ҚҰЛЫПТАУ
Басқару тақтасының құлпын қосу үшін түймені шамамен 3 секунд
басып ұстап тұрыңыз. Жанып тұрған
таңбасы басқару тақтасы
құлыптаулы екенін білдіреді. Мұның арқасында жуу циклдерінің
байқаусызда өзгертілуіне, әсіресе үйде балалар болған жағдайда,
жол берілмейді (ҚОСУ/ӨШІРУ
түймесімен өзгерткеннен басқа
жағдайларда). Басқару тақтасының құлпын өшіру үшін түймені
шамамен 3 секунд басып тұрыңыз.
АҚЫЛ-КЕҢЕС ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР
Кірлерді мына жағдайларға байланысты бөліңіз:
-Мата түрі (мақта-мата, аралас маталар, синтетика, жүн, қолмен
жуылатын киімдер).
-Түрлі-түсті зат (түрлі-түсті заттарды ақ түсті заттардан бөлу, жаңа
түрлі-түсті заттарды бөлек жуу керек).
-Нәзік заттар (кіші заттар, мысалы, нейлон шұлық, сондай-ақ
ілмектері бар
заттар, мысалы, бюстгальтерлер: оларды матадан жасалған қапқа
салу керек).
Қалталарды босату керек
Тиын немесе шақпақ сияқты заттар кір жуғыш машина мен барабанға
зақым келтіруі мүмкін. Барлық түймелерді тексеріңіз.
8