Текст страницы
4.
Электрлік құралдарды балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз, сонымен қатар
электрлік құралмен жұмыс істей алмайтын
және осы нұсқауларды оқымаған тұлғаларға
құралды пайдалануға рұқсат етпеңіз.
Арнайы оқытудан өтпеген пайдаланушылар
үшін электрлік құрал қауіп төндіреді.
5.
Электр құралдарына және керек-жарақтарға
техникалық қызмет көрсетіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің ауытқуы және оралуы,
зақымдалған бөлшектер және электрлік
құралдың жұмысына кері әсер ететін басқа
жағдайлардың бар-жоғын тексеріңіз. Зақымы
болса, электрлік құралды жөндеген соң бірақ
пайдаланыңыз. Жазатайым оқиғалардың көбі
электрлік құралдарға дұрыс техникалық қызмет
көрсетілмеу себебінен болады.
6.
Кесу құралдары өткір және таза болуы керек.
Кескіш жиектері өткір кесу құралдарын дұрыс
пайдалансаңыз, олар тұрып қалмайды және сол
себепті оларды басқару да оңайырақ етеді.
7.
Электрлік құралды, керек-жарақтарды және
қондырмаларды, т.б. жұмыс жағдайы мен
орындалатын жұмысты ескере отырып,
осы нұсқауларға сәйкес пайдаланыңыз.
Электрлік құралды басқа мақсатта пайдаланған
жағдайда, қауіпті жағдай туындауы мүмкін.
8.
Тұтқалардың және жұмыс орындалатын
беттердің құрғақ, таза және майлы
болмауын қамтамасыз етіңіз. Тұтқалар және
қолмен ұстайтын беттер тайғақ болса, күтпеген
жағдай орын алғанда, құралды пайдалану және
оған ие болу мүмкін болмайды.
9.
Электрлік құралды пайдаланған кезде,
ішіне тартылу матадан жасалған қорғаныс
қолғабын кимеңіз. Матадан жасалған
қорғаныс қолғаптары қозғалмалы бөлшектерге
ілініп қалса, жарақаттауы мүмкін.
Қызмет көрсету
1.
Электрлік құралға қызмет көрсетуді тек қаа
жөндеу бойынша білікті аман тиісті қосалқы
бөлшектерді пайдаланып жүзеге асыруы
қажет. Бұл электрлік құралдың қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді.
2.
Керек-жарақтарды майлау және ауыстыру
нұсқауын орындаңыз.
Ажарлағыш машинаның
қауіпсіздік техникасы бойынша
ескертулер
2.
Бұл электрлік құралмен жылтырату сияқты
жұмыстарды орындауға тыйым салынады.
Электрлік құрал арнайы жұмыстардан басқа
жұмыстарға пайдаланылса, қауіпті жағдай
пайда болуы және адам жарақат алуы мүмкін.
3.
Бұл электрлік құралды түрлендіріп,
өндіруші белгілеп көрсеткен мақсаттан
басқаша қолдануға болмайды. Мұндай
түрлендіру салдарынан құралды басқара
алмай қалуыңыз және ауыр жарақат алуыңыз
мүмкін.
4.
Құрал өндірушісі арнайы жобаламаған және
белгілеп көрсетпеген керек-жарақтарды
пайдалануға болмайды. Керек-жарақ
электрлік құралға тағылса да, жұмыс қауіпсіз
орындалады деген кепілдік жоқ.
5.
Керек-жарақтың номиналды жылдамдығы
кемінде электрлік құралда белгіленген
максималды жылдамдыққа тең болуы тиіс.
Керек-жарақтың жұмыс істеу жылдамдығы
номиналды жылдамдықтан асып кетсе, олар
сынып, жан-жаққа шашырауы мүмкін.
6.
Керек-жарақтың сыртқы диаметрі
және қалыңдығы электрлік құралдың
номиналына сәйкес болуы тиіс. Өлшемі
қате таңдалған керек-жарақтарды тиісті түрде
қорғау немесе басқару мүмкін емес.
7.
Керек-жарақ бекіткіші мен электрлік
құралдың бекіту жабдығының өлшемдері
бір-біріне сәйкес болуы керек. Электрлік
құралдың бекіту жабдығына сәйкес келмейтін
керек-жарақтар тепе-теңдікті сақтай алмайды,
шектен тыс дірілдейді және пайдаланушы
құралға ие бола алмай қалуы мүмкін.
8.
Зақымдалған керек-жарақты пайдалануға
болмайды. Әр пайдалану алдында,
абразивті дискілер сияқты керек-жарақта
кетіктер және сызаттардың бар-жоғын,
диск табанында сызаттардың бар-жоғын,
жырылған немесе қатты тозған жерлердің,
сым темірлі щеткада босап кеткен немесе
сынған сымдардың бар-жоғын тексеріңіз.
Электрлік құрал немесе керек-жарақ жерге
құласа, зақымдалмағанын тексеріңіз немесе
зақымдалмаған керек-жарақты орнатыңыз.
Керек-жарақты тексеріп, орнатқаннан кейін,
айналатын керек-жарақ аймағынан өзіңіз
аулақ тұрып, айналадағы адамдарды алыс
тұрғызып, электрлік құралды жүктемесіз
максималды жылдамдықта бір минут
істетіңіз. Әдетте зақымдалған керек-жарақтар
осы сынақ кезінде сынады.
9.
Жеке қорғаныс жабдығын киіңіз.
Жұмыс түріне қарай бет қалқанын,
қорғайтын көзілдірікті немесе көзәйнекті
пайдаланыңыз. Қажет болса, ұсақ абразивті
немесе өңделетін бөлшек ұсақтарынан
қорғай алатын шаң маскасын, құлақ қорғау
құралдарын, қолғап және алжапқыш
тағыңыз. Көз қорғау жабдығы түрлі қолданыс
кезінде ұшатын ұсақ бөлшектерден қорғай
алуы тиіс. Шаң маскасы немесе респиратор
қолданыс барысында пайда болған
бөлшектерді сүзе алуы тиіс. Қатты шуыл
әсерінен есту қабілетінен айырылып қалуыңыз
мүмкін.
Тегістеу, ажарлау, сым темірлі щеткамен тазалау
немесе кесу жұмыстарына арналған жалпы
қауіпсіздік техникасы бойынша ескертулер:
1.
Осы электрлік құрал ажарлағыш,
тегістегіш, сым темірлі щетка, тескіш
немесе кескіш құрал ретінде пайдалануға
арналған. Осы электрлік құралмен бірге
берілген қауіпсіздік техникасы бойынша
ескертулерді, нұсқауларды, суреттерді және
техникалық спецификацияларды оқып
шығыңыз. Төменде берілген нұсқаулардың
барлығы орындалмаса, электр тогы соғуы, өрт
шығуы және/немесе адам ауыр жарақат алуы
мүмкін.
42
ҚАЗАҚША