Инструкция углошлифовальная машина (УШМ) Makita GA5091X01

Страница 44 (стр. 44 из 56)

Бренд: Makita

Страница 44 документа Углошлифовальная машина (УШМ) Makita GA5091X01. Раздел: Углошлифовальные машины (УШМ). Бренд: Makita.

Текст страницы

Ажарлау жұмыстарына тән қауіпсіздік техникасы
бойынша ескертулер:
1.
Тиісті өлшемдегі ажарлау дискінің
қағазын пайдаланыңыз. Ажарлау қағазын
өндірушінің кеңестерін сақтап таңдаңыз.
Пайдаланылатын ажарлау қағазы ажарлау
дискісінен тым үлкен болса, кесілу қаупі
туындайды және диск ілініп қалуы, жыртылуы
мүмкін немесе кері серпіліс пайда болуы
мүмкін.

6.
Үлкен электрлік құралдарда тозған
дискілерді алып пайдалануға болмайды.
Үлкен электрлік құралға арналған диск кішірек
құралдың жоғары жылдамдығына сәйкес
келмейді және сынуы мүмкін.
7.
Екі мақсатты дискілер пайдаланылған
кезде, міндетті түрде орындалатын
қолданысқа сәйкес келетін қалқанды
пайдаланыңыз. Дұрыс қалқан қолданылмаған
жағдайда, қажетті қорғаныс деңгейі қамтамасыз
етілмеуі және адам ауыр жарақат алуы мүмкін.

Сым темірлі щеткамен тазалау жұмыстарына тән
қауіпсіздік техникасы бойынша ескертулер:
1.
Щетка әдеттегі жұмыс барысында сым
темірлерді қалдыратынын ескеріңіз.
Щетканы қатты басып, сым темірлерге тым
көп күш түсірмеңіз. Сым темірлер жұқа киімге
және/немесе теріге оңай кіре алады.
2.
Щеткамен тазалағанда қалқан пайдалану
керек деген нұсқау бар болса, сым темірлі
дискіні немесе щетканы қалқанға тигізбеңіз.
Жұмыс жүктемесі мен центрифугалық күштерге
қарай сым темірлі диск немесе щетка диаметрі
кеңеюі мүмкін.

Кесу жұмыстарына тән қауіпсіздік техникасы
бойынша қосымша ескертулер:
1.
Кескіш дискіні «қыспаңыз» немесе тым көп
күш түсірмеңіз. Тым терең кесуге болмайды.
Дискіге тым көп күш түсірілсе, жүктеме артады
және тіліктегі диск бұралуға немесе қысылуға
бейім болады, сондай-ақ кері серпіліс немесе
дискінің сыну ықтималдылығы артады.
2.
Денеңіз дискінің айналу сызығында және
артында орналаспауы тиіс. Жұмыс кезінде
диск сізден аулақ қозғалған кезде, ықтимал кері
серпілістен айналып тұрған диск пен электрлік
құрал тура сізге қарай қайтуы мүмкін.
3.
Диск қысылып қалғанда немесе кесу
процесі қандай да бір себепке байланысты
үзілгенде, электрлік құралды өшіріп, диск
толық тоқтағанша, оны қозғалтпай ұстап
тұрыңыз. Диск айналып тұрған кезде, кескіш
дискіні тіліктен мүлде шығаруға болмайды.
Кері серпіліс пайда болуы мүмкін. Дискінің
қысылып қалу себебін тексеріп, түзету
шараларын қолданыңыз.
4.
Өңделетін бөлшекті кесу жұмысын қайта
бастамаңыз. Дискінің толық жылдамдығына
жетуін күтіп, тілікке абайлап кіргізіңіз.
Электрлік құрал өңделетін бөлшекке кіріп
тұрғанда іске қосылса, диск қысылып қалуы,
көтеріліп кетуі немесе кері серпілуі мүмкін.
5.
Дискінің қысылу және кері серпілу қаупін
барынша азайту үшін, панельдерді немесе
үлкен өлшемді бөлшектерді тіреңіз. Үлкен
өңделетін бөлшектер өз салмағынан салбырап
кетуі мүмкін. Тіреуіштер өңделетін бөлшектің
астындағы кесу сызығының жаны мен
өңделетін бөлшек шетінің жанына, дискінің екі
жағына қойылуы тиіс.
6.
Қабырғаларды немесе басқа көрінбейтін
аймақтарды өте абайлап ойып кесіңіз.
Шығып тұрған диск газ немесе су құбырларын,
электрлік сымдарды немесе кері серпіліс бере
алатын заттарды кесуі мүмкін.
7.
Қиғашынан кесуге болмайды. Дискіге тым көп
күш түсірілсе, жүктеме артады және тіліктегі
диск бұралуға немесе қысылуға бейім болады,
сондай-ақ кері серпіліс немесе дискінің сыну
ықтималдылығы артады және бұдан адам ауыр
жарақат алуы мүмкін.
8.
Бөлінген алмаз дөңгелекті қолданар
алдында алмаз дөңгелектің тек алдыңғы
теріс бұрышпен орнатылғанына және
сегменттері арасындағы перифериялық
аралығы 10 мм немесе одан да аз екеніне
көз жеткізіңіз.

Қауіпсіздік бойынша қосымша ескертулер:
1.
Ортасы ойық ажарлау дөңгелектерін
пайдаланған кезде, тек шыны талшықпен
армирленген дөңгелектерді пайдаланыңыз.
2.
Бұл ажарлағышпен тас қақпақшалы
дөңгелектерді ЕШҚАШАН
ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. Бұл ажарлағыш машина
осы дөңгелек түрлеріне арналмаған және
мұндай өнімді пайдалану ауыр жарақатқа
әкелуі мүмкін.
3.
Шпиндельді, фланецті (әсіресе
орнатылатын бетті) немесе тоқтатқыш
сомынды зақымдап алмас үшін абайлаңыз.
Бұл бөлшектердің зақымдалуы дөңгелектің
бұзылуына әкелуі мүмкін.
4.
Ауыстырып-қосқышты іске қоспас
бұрын, дөңгелектің өңдеу бөлшегіне тиіп
тұрмағандығына көз жеткізіңіз.
5.
Құралды нақты өңдеу бөлшегіне қолданбас
бұрын, біраз уақыт іске қосылуына
мүмкіндік беріңіз. Дөңгелектің бос
орнатылған немесе дұрыс теңестірілмегенін
білдіретін дірілін немесе шайқалуын
қадағалаңыз.
6.
Ажарлау үшін арнайы дөңгелек бетін
пайдаланыңыз.
7.
Құралды қосулы күйде қалдырмаңыз.
Құралды тек қолмен ұстап пайдаланыңыз.
8.
Өңдеу бөлшегін пайдаланғаннан кейін
бірден ұстауға болмайды. Ол өте ыстық
болып, теріні күйдіруі мүмкін.
9.
Керек-жарақтарды пайдаланғаннан кейін
бірден ұстауға болмайды; олар өте ыстық
болып, теріні күйдіруі мүмкін.
10. Дөңгелектерді дұрыс орнату және
пайдалану үшін өндіруші нұсқауларын
орындаңыз. Дөңгелектерді абайлап ұстаңыз
және сақтаңыз.
11.
Ірі ысқыш дөңгелектерді бейімдеу үшін
бөлек өтпелі төлкелер не адаптерлерді
пайдаланбаңыз.

44
ҚАЗАҚША

Инструмент и стройка / Электроинструменты / Инструменты для обработки поверхностей / Шлифовальные машины / Углошлифовальные машины (УШМ), оснастка / Углошлифовальные машины (УШМ)

DeWALT DWE492S

28 стр.
Инструмент и стройка / Электроинструменты / Инструменты для обработки поверхностей / Шлифовальные машины / Углошлифовальные машины (УШМ), оснастка / Углошлифовальные машины (УШМ)

DeWALT DWE492S

28 стр.
Инструмент и стройка / Электроинструменты / Инструменты для обработки поверхностей / Шлифовальные машины / Углошлифовальные машины (УШМ), оснастка / Углошлифовальные машины (УШМ)

DeWalt DWE492

28 стр.
Инструмент и стройка / Электроинструменты / Инструменты для обработки поверхностей / Шлифовальные машины / Углошлифовальные машины (УШМ), оснастка / Углошлифовальные машины (УШМ)

DeWalt DWE492

28 стр.
Инструмент и стройка / Электроинструменты / Инструменты для обработки поверхностей / Шлифовальные машины / Углошлифовальные машины (УШМ), оснастка / Углошлифовальные машины (УШМ)

Makita GA5030RK

72 стр.