Инструкция углошлифовальная машина (УШМ) Makita GA5091X01

Страница 43 (стр. 43 из 56)

Бренд: Makita

Страница 43 документа Углошлифовальная машина (УШМ) Makita GA5091X01. Раздел: Углошлифовальные машины (УШМ). Бренд: Makita.

Текст страницы

1.
Электрлік құралды екі қолмен мықтап
ұстаңыз және денеңіз бен қолдарыңызды
кері серпіліске қарсы тұра алатындай етіп
орналастырыңыз. Іске қосқан кезде, кері
серпілісті немесе бұрау күшін барынша
басқару үшін қосымша тұтқаны (бар болса)
пайдаланыңыз. Тиісті сақтық шаралары
қабылданған болса, пайдаланушы бұрау күші
мен кері серпілісті басқара алады.
2.
Айналатын керек-жарақтың жанына қолды
мүлде қоюға болмайды. Керек-жарақ
қолыңызға кері серпілуі мүмкін.
3.
Электрлік құрал кері серпілгенде, серпілу
бағытында тұруға болмайды. Кері
серпілістен құрал ілініп қалу нүктесінде диск
қозғалысына қарсы бағытта қозғалады.
4.
Бұрыштарды, үшкір қырларды, т.с.с.
жерлерді өте абайлап өңдеңіз. Керек-
жарақтың серпілуіне және ілініп қалуына
жол бермеңіз. Бұрыштар, үшкір қырлар
немесе серпіліс көбінесе айналып тұрған
керек-жарақты іліп әкетеді, сондықтан құралға
ие бола алмай қалуыңыз немесе кері серпіліс
орын алуы мүмкін.
5.
Шынжырлы араның ағаш кесу дискін,
перифериялық аралығы 10 мм-ден үлкен
бөлінген алмаз дискіні немесе тісті ара
дискісін орнатуға болмайды. Мұндай
дискілерден кері серпіліс жиі орын алады және
құралды басқаруды қиындатады.

10. Айналадағы адамдарды жұмыс аймағынан
қауіпсіз қашықтықта орналастырыңыз.
Жұмыс аймағына кіретін кез келген адам
жеке қорғаныс жабдығын киюі қажет. Өңдеу
бөлшегінің немесе сынған керек-жарақтың
бөлшектері ұшып кетіп, жұмыс аймағынан тыс
жерде тұрған адамды да жарақаттауы мүмкін.
11.
Кесіп жатқанда, кесетін керек-жарақ көзге
көрінбейтін сымға немесе құрылғының өз
кабеліне тиіп кетуі мүмкін болса, электрлік
құралды оқшауланған ұстау беттерінен
ғана ұстаңыз. Кесетін керек-жарақ кернеулі
сымға тиіп кетсе, электрлік құралдың ашық
металл бөлшектерінде кернеу пайда болып,
нәтижесінде пайдаланушыны ток соғуы мүмкін.
12. Кабельді айналып тұрған керек-жарақтан
қашық жерге қойыңыз. Құралға ие бола
алмай қалған жағдайда, кабель кесіліп немесе
ілініп қалып, қолыңызды айналып тұрған керек-
жараққа тартып әкетуі мүмкін.
13. Керек-жарағы толық тоқтамаған электрлік
құралды жерге қоюға болмайды. Айналып
тұрған керек-жарақ бетке ілініп, құралды
қолыңыздан тартып әкетуі мүмкін.
14. Электрлік құралды бүйіріңізде тасығанда
іске қоспаңыз. Айналып тұрған керек-жараққа
абайсызда тиіп кетсеңіз, киіміңіз ілініп, керек-
жарақ денеңізге тартылуы мүмкін.
15. Электр құралының ауа кіретін тесіктерін
үнемі тазалап тұрыңыз. Мотордың желдеткіші
корпус ішіне шаң тартады, ал металл
қиыршықтары көп жиналып қалса, электр
қуатына қатысты қауіпті жағдайлар орын алуы
мүмкін.
16. Электрлік құралды тұтанатын
материалдардың жанында пайдалануға
болмайды. Ұшқындар бұл материалдарды
тұтатуы мүмкін.
17. Салқындатқыш сұйықтықтарды қажет
ететін керек-жарақтарды пайдалануға
болмайды. Суды немесе басқа салқындатқыш
сұйықтықтарды пайдалансаңыз, ток соғуы, тіпті
мерт болуыңыз мүмкін.

Тегістеу және кесу жұмыстарына тән қауіпсіздік
техникасы бойынша ескертулер:
1.
Электрлік құралыңызға арналған диск
түрлерін және таңдалған дискіге арнайы
әзірленген қалқанды ғана пайдаланыңыз.
Электрлік құралға сәйкес келмейтін дискілер
тиісті түрде қорғалмайды және қауіпті болады.
2.
Ортасы ойық дискілердің тегістегіш беті
қалқан тұмсығы жазықтығынан төмен
орнатылуы тиіс. Қате орнатылып, қалқан
тұмсығының жазықтығынан шығып тұратын
диск тиісті түрде қорғалмайды.
3.
Пайдаланушыға дискінің аса аз бөлігі
ғана бағытталуы үшін, қалқан электрлік
құралға берік тағылуы және максималды
түрде қауіпсіз орнатылуы тиіс. Қалқан
пайдаланушыны сынған диск бөлшектерінен,
дискінің абайсызда тиіп кетуінен және
киімді тұтата алатын ұшқындардан қорғауға
көмектеседі.
4.
Дискілер тек көрсетілген жұмыстарға
пайдаланылуы тиіс. Мысалы, кескіш
дискінің қырымен тегістеуге болмайды.
Абразивті кескіш дискілер перифериялық
тегістеуге арналған. Бұл дискілерге бүйірлік
күш қолданылса, олар сынуы мүмкін.
5.
Таңдалған дискіге міндетті түрде өлшемі
мен пішіні дұрыс, зақымдалмаған
диск фланецтерін пайдаланыңыз.
Тиісті диск фланецтері дискіні тіреп, оның
сыну ықтималдылығын азайтады. Кескіш
дискілердің фланецтері ажарлау дискілерінің
фланецтерінен өзгеше болуы мүмкін.

Кері серпіліс және оған қатысты ескертулер:
Кері cерпіліс — айналып тұрған дискінің, диск
табанының, щетканың немесе кез келген басқа
керек-жарақтың кенет қысылып немесе ілініп
қалуына деген реакция. Қысылып немесе ілініп қалу
салдарынан айналып тұрған керек-жарақ жылдам
тоқтайды, өз кезегінде бұдан басқарылмай тұрған
электрлік құрал қысылып қалу нүктесінде керек-
жарақтың айналу бағытына қарсы айналады.
Мысалы, абразивті дискіні өңделетін бөлшек қысып
қалса немесе іліп алса, қысылып қалу нүктесіне
кіретін дискінің шеті материалдың беткі жағына
кіріп, диск орнынан шығуы немесе серпіліп ұшуы
мүмкін. Дискінің қысылып қалу нүктесіндегі қозғалыс
бағытына қарай, диск пайдаланушыға қарай немесе
одан аулақ ұшып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайларда,
абразивті дискілер сынуы да мүмкін.
Кері серпіліс электрлік құралды қате пайдалану
және/немесе қате жұмыс процедуралары не
шарттары салдарынан пайда болады. Төмендегі
сақтық шаралары сақталғанда, бұл жағдайлардың
алдын алуға болады.

43
ҚАЗАҚША

Инструмент и стройка / Электроинструменты / Инструменты для обработки поверхностей / Шлифовальные машины / Углошлифовальные машины (УШМ), оснастка / Углошлифовальные машины (УШМ)

DeWALT DWE492S

28 стр.
Инструмент и стройка / Электроинструменты / Инструменты для обработки поверхностей / Шлифовальные машины / Углошлифовальные машины (УШМ), оснастка / Углошлифовальные машины (УШМ)

DeWALT DWE492S

28 стр.
Инструмент и стройка / Электроинструменты / Инструменты для обработки поверхностей / Шлифовальные машины / Углошлифовальные машины (УШМ), оснастка / Углошлифовальные машины (УШМ)

DeWalt DWE492

28 стр.
Инструмент и стройка / Электроинструменты / Инструменты для обработки поверхностей / Шлифовальные машины / Углошлифовальные машины (УШМ), оснастка / Углошлифовальные машины (УШМ)

DeWalt DWE492

28 стр.
Инструмент и стройка / Электроинструменты / Инструменты для обработки поверхностей / Шлифовальные машины / Углошлифовальные машины (УШМ), оснастка / Углошлифовальные машины (УШМ)

Makita GA5030RK

72 стр.