Инструкция углошлифовальная машина (УШМ) Makita GA5091X01

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СИПАТТАМАСЫ (стр. 45 из 56)

Бренд: Makita

Страница 45 документа Углошлифовальная машина (УШМ) Makita GA5091X01. Раздел: Углошлифовальные машины (УШМ). Бренд: Makita.

Текст страницы

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СИПАТТАМАСЫ

САҚ БОЛЫҢЫЗ: Құралдың жұмысын
реттемес және тексермес бұрын, әрдайым
құралдың өшірулі екендігіне және
ажыратылғандығына көз жеткізіңіз.

Құралдың қорғау жүйесі

Құралдың қорғау жүйесі бар. Құралдың қызмет ету
мерзімін ұзарту үшін осы жүйе моторға берілетін
қуатты автоматты түрде азайтады немесе
ажыратады. Құрал төмендегі жағдайлардың біреуіне
тап болса, құрал жұмыс барысында автоматты түрде
қуатты азайтады немесе тоқтайды:

Шамадан тыс жүктемеден қорғаныс

Құрал әдеттегіден жоғары ток тартатын жолмен
істетілгенде, құрал ешбір сигнал бермей автоматты
түрде қуатты азайтады. Бұл жағдайда, тым көп
күш түсіру себебін жойып, айналу жылдамдығын
қалпына келтіріңіз.

Қызып кетуден қорғаныс

Елге қарай әртүрлі болады

Құрал қызып кеткенде, құрал автоматты түрде тоқтап,
индикатор шам қызыл түсті болып жыпылықтайды.
Бұл жағдайда, құралды суытыңыз. Шам түсі қызылдан
жасылға өзгерген соң, құралды қайта қосуға болады.

Индикатор шам

► Сурет1: 1. Индикатор шам

Құрал розеткаға жалғанғанда, индикатор шам жасыл
түсті болып жанады.
Индикатор шам қызыл түсті болып жыпылықтаса,
қызып кетуге қарсы қорғаныс, Активті реакцияны
анықтау технологиясы немесе абайсызда іске
қосылудан қорғау функциясы жұмысын тоқтатады.
Бұл жағдайда, құралды өшіріңіз. Содан кейін
құралды өшіріп қосыңыз.
Құрал өшірілген соң, индикатор шам қызыл болып
жанса, құрал қызып кетті. Бұл жағдайда, құралды
суытып, индикатор шам жасыл болып жанғанша
күтіңіз.

12. Осы құралға арналған фланецтерді ғана
пайдаланыңыз.
13. Ойылған саңылаулы дөңгелекпен
жабдықталған құралдар бойынша,
шпиндель ұзындығы сәйкес келуі үшін
дөңгелектегі ойықтың ұзындығы жеткілікті
екеніне көз жеткізіңіз.
14. Өңдеу бөлшегінің дұрыс бекітілгеніне көз
жеткізіңіз.
15. Құралды өшіргеннен кейін, дөңгелектің әрі
қарай айналатынына назар аударыңыз.
16. Егер жұмыс орны өте ыстық және
ылғалды болса немесе ток өткізгіш шаңмен
тым қатты ластанған болса, оператор
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қысқа
тұйықталуды ажыратқышты (30 мА)
пайдаланыңыз.
17. Құралды құрамында асбест бар
материалдарға қолданбаңыз.
18. Тұрғылықты жеріңіздегі заңдар талап етсе,
кескіш диск пайдаланылған кезде, міндетті
түрде шаң жинайтын диск қалқанымен
жұмыс істеңіз.
19. Кесу дискілеріне бүйірлік қысым түсірілмеуі
тиіс.
20. Жұмыс кезінде матадан жасалған қолғапты
пайдаланбаңыз. Қолғап матасының
талшықтары құралға түсіп, оның бұзылуына
себеп болады.
21. Жұмыс бастамас бұрын жұмыс бөлігінде
электр сымдарына арналған түтік, су
құбыры немесе газ құбыры сияқты көміп
тасталған заттардың жоқ екендігіне көз
жеткізіңіз. Әйтпесе, ол электр тогының
соғуына, ток немесе газ жылыстауына себеп
болуы мүмкін.
22. Дискіге бекітілген аралық қағазды алуға
болмайды. Аралық қағаздың диаметрі
бекіткіш гайкадан, сыртқы фланецтен және
ішкі фланецтен үлкен болуы тиіс.
23. Тегістеу дискісін орнату алдында, аралық
қағаздың кетіктер мен сызаттар сияқты
ешбір ақауы жоғын тексеріңіз.
24. Бекіткіш гайканы мықтап бұрап тартыңыз.
Дискінің тым қатты тартылуынан сыну жағдайы,
ал тым аз тартылуынан діріл пайда болуы
мүмкін.
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ
САҚТАҢЫЗ.

Жылдамдықты реттеу дөңгелегі

Тек GA4590 / GA4591 / GA5090 / GA5091
модельдері

САҚ БОЛЫҢЫЗ: Құрал ұзақ уақыт бойы
үнемі төмен жылдамдықта жұмыс істесе,
моторға тым көп күш түседі және ол қызып
кетеді.

ЕСКЕРТУ: Бұл өнімді әбден пайдаланып
үйренген (қайта-қайта пайдаланғанның
нәтижесінде) болсаңыз да және сізге
қолайсыздық тудырса да, осы өнімді қолдану
кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң
түрде сақтау қажет. Осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта келтірілген қауіпсіздік ережелерін
ДҰРЫС ПАЙДАЛАНБАУ немесе орындамау
ауыр жарақаттарға әкеп соқтыруы мүмкін.

САҚ БОЛЫҢЫЗ: Жылдамдықты реттеу
дөңгелегін ең көбі 5-ке қоюға және 1-ге бұрап
қайтаруға болады. Оны 5-тен немесе 1-ден
артық бұрауға тырыспаңыз. Олай істесеңіз,
жылдамдықты реттеу функциясы істен шығуы
мүмкін.

45
ҚАЗАҚША

Инструмент и стройка / Электроинструменты / Инструменты для обработки поверхностей / Шлифовальные машины / Углошлифовальные машины (УШМ), оснастка / Углошлифовальные машины (УШМ)

DeWALT DWE492S

28 стр.
Инструмент и стройка / Электроинструменты / Инструменты для обработки поверхностей / Шлифовальные машины / Углошлифовальные машины (УШМ), оснастка / Углошлифовальные машины (УШМ)

DeWALT DWE492S

28 стр.
Инструмент и стройка / Электроинструменты / Инструменты для обработки поверхностей / Шлифовальные машины / Углошлифовальные машины (УШМ), оснастка / Углошлифовальные машины (УШМ)

DeWalt DWE492

28 стр.
Инструмент и стройка / Электроинструменты / Инструменты для обработки поверхностей / Шлифовальные машины / Углошлифовальные машины (УШМ), оснастка / Углошлифовальные машины (УШМ)

DeWalt DWE492

28 стр.
Инструмент и стройка / Электроинструменты / Инструменты для обработки поверхностей / Шлифовальные машины / Углошлифовальные машины (УШМ), оснастка / Углошлифовальные машины (УШМ)

Makita GA5030RK

72 стр.