Текст страницы
KZ
Сипаттамасы жəне жұмыс істеу қағидаты
ЭЖС корпустан, басқару панелінен, қыздырғыш элементтен, электрондық термостаттан,
сақтандырғыш клапаннан тұрады.
ЭЖС корпусының ішінде экологиялық таза пенополиуретанмен жылу оқшауланған болат багы
орналастырылған. Екі бұрандалы келтеқұбыр сумен қамту жүйесіне қосуға арналған: көк
сақинасы бар келтеқұбыр – суық су беруге арналған, ал қызыл сақинасы бар келтеқұбыр –
ыстық суды шығаруға. Ішкі бактың ішкі бет үстін химиялық жегідеден сенімді қорғайтын арнайы
шыны фарфор жабыны бар.
Ішкі бактың алынбалы еренмегінде (3) 1-сур. жинастырылған: қыздырғыш элемент (ҚЭҚ) (7),
электрондық термостат (8) жəне магнийлік анод (9). ҚЭҚ суды қыздыруға арналған, ал
термостат келесі режимдерде температураны реттеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді:
«Eco» +55°С, «Optimal» +65°С, «Turbo» +75°С (±5°C). Магнийлік анод электрмехникалық
жемірілудің ішкі бакқа əсерін бейтараптандыруға арналған.
Ішкі бакта суды қыздыру режимін таңдау су жылытқыш корпусында орналасқан басқару
панелінің көмегімен жүзеге асырылады. Сонымен қатар Wi-Fi желісінің көмегімен
«Thermex Home» қосымшасы арқылы температураны жəне ЭСЖ-ның жұмыс аралығын нақты
таңшеуді жүргізуге болады. Термостат сонымен қатар термиялық сөндіргішті - ЭСЖ-ні қызып
кетуден қорғау құрылғысын қамтиды, ол су температурасы 95°С-ден (±5°С) асқанда ҚЭҚ-ты
желіден ажыратады. Пайдалану барысында ЭСЖ корпусы қызуы мүмкін. Су жылытқышы
термоқорғанышының іске қосылуы ақаулық болып табылмайды. Су жылытқышты жұмыс
қалпына қайтару ЭЖС қорғаныш қақпағының (3-сур.) астында орналасқан термосөндіргіштің
соташығына басу жолымен жүзеге асырылады.
Сақтандырғыш клапан суқұбыр желісінде қысым төмендеген жағдайда су жылытқышынан
суқұбыр желісіне судың түсуіне жол бермей, кері клапанның функциясын атқарады, ал суды
қыздырғанда бакта қысым жоғарлаған жағдайларда ЭЖС-ғы қысымды желімен теңдестіру
үшін судың ағуын қамтамасыз етеді. Сақтандырғыш клапанның екінші функциясы - су қатты
қызғанда жəне максималды рұқсат етілген қысымнан асып кеткенде дренаждық арна арқылы
артық қысымды арылту.
ЭСЖ электр баусымында электр аспаптың жерге тұйықталған элементтеріне ток шығып кетуі
пайда болғанда ЭСЖ-ның электр қуаттандыру желісінен ажыратылуын қамтамасыз ететін
қорғаныш сөндіру құрылғысы құрастырылған.
Орналастыру жəне орнату
Құбырларды жылу шығынын азайту үшін, ЭСЖ-ны ыстық су пайдаланылатын орынға барынша
жақын етіп орнату керек.
Монтаждау орнын таңдау кезінде, сумен толтырылған ЭСЖ-ның жалпы салмағын ескеру
қажет. Қабырғаны жəне жүк көтерімділігі аз еденді сəйкес түрде нығайту керек. Қабырғаға
саңылауларды бұрғылағанда (орындағанда), оған кіретін кабельдерді, арналар мен
құбырларды ескеру қажет. ЭСЖ кронштейннің корпусына қабырғаға бекітілетін анкерлердің
ілмегіне ілінеді.
Дұрыс орнатылмауына байланысты ЭСЖ құлауына өндіруші жауап бермейді.
22