Инструкция водонагреватель электрический Thermex Auga 30 V Slim Wi-Fi

Page 23 (стр. 23 из 36)

Бренд: Thermex

Страница 23 документа Водонагреватель электрический Thermex Auga 30 V Slim Wi-Fi. Раздел: Водонагреватели электрические. Бренд: Thermex.

Текст страницы

KZ

Қабырғаға ілмектерді монтаждау ол бойынша ЭСЖ кронштейндерін өз бетінше жылжуын
болдырмауға тиіс. ЭСЖ-ға қызмет көрсету үшін, қорғау қақпағынан жақын тұрған беткейге
дейінгі қашықтық алмалы-салмалы ернемектің өсі бағытында кемінде 0,5 метр болуы тиіс.

Ыстық сумен жабдықтау жүйесі бұзылған жағдайда, тұтынушының жəне (немесе) үшінші
тұлғалардың мүлкіне зиян келтіруді болдырмау үшін, едендердің гидроқшауларына жəне кəріз
жүйесінің дренаж монтаждау қажет, ешқашан ЭСЖ астына су əсеріне ұшыраған заттарды
орналастыруға болмайды. Қорғалмаған бөлмелерге орналастырғна жағдайда, ЭСЖ астына
кəріз дренажы бар қорғау түпқоймасын (ЭСЖ жеткізу жиынтығына кірмейді) орнату керек.

ЭСЖ техникалық жəне кепілді қызмет көрсету үшін қолжетімділігі қиын орындарда
орналастырылған жағдайда (антресоль, қуыс, төбеаралық кеңістік жəне т.б.), ЭСЖ монтаждау
жəне бөлшектеуді тұтынушы өз бетінше немесе оның есебінен өткізеді.

Су құбырына қосу

ЭСЖ-на суық суды тазарту деңгейі 200 мкм-дан кем емес суды алдын ала тазарту
сүзгісін пайдалана отырып, беру керек.

Сақтандырғыш клапанды (14) 1-сур. суық су кірісінде (18) – қосылыс саңылаусыздығын кез
келген тығыздағыш материалмен (зығырмен, ФТМ таспамен жəне басқ.) қамтамасыз ете
отырып, 3,5 – 4 айналымға көк сақинасы бар келтеқұбырға орнату керек.

Су жылытқыш жұмыс істеп тұрған кезде артық қысымды арылту үшін сақтандырғыш
клапанның шығару құбырынан су өтіп кетуі мүмкін, бұл су жылытқыш қауіпсіздігі мақсатында
орын алады. Шығару құбыры атмосфера үшін ашық қалуы жəне үнемі төмен қарай
бағытталған болуы керек. Ылғал шығару үшін дренаждық тесікке тиісті диаметрлі резеңке
немесе силикондыт түтікшені жалғастыру ұсынылады. Əкті тұнбаны кетіру үшін жəне
клапанның жұмысқа жарамдылығын тексеру үшін судың азғантай мөлшерін сақтандырғыш
клапанның шығару құбыры арқылы үнемі (кем дегенде айына бір рет) ағызып отыру керек.

Тұтқасы (15) клапанды (16) ашуға арналған. Су жылытқыш жұмыс істеп тұрған кезде осы тұтқа
судың бактан ағызылуын жауып тұратын жайғасымда болғанын қадағалап отыру керек.

Суқұбыр желісіне қосу (1-сур.) максималды жұмыс қысымда 100°С-ден төмен емес
температураға есептелген мыс, пластмасса құбырлардың немесе арнайы иілгіш
сантехникалық жеткізгіштің көмегімен жүргізіледі. Пайдалануда болған иілгіш жеткізгішті
қолдануға тыйым салынады. Сантехникалық жеткізгіш жəне бекіту арматурасы су құбыры
желісінің параметрлеріне сəйкес болуы жəне қажетті сапа сертификаттары болуы керек.
Монтаждағанда келтеқұбырларды, ішкі бактың шыныфарфор жабынының бұзылуына жол
бермеу үшін артық күш салуға болмайды.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ЭСЖ-ны сақтандырғыш клапансыз пайдалануға немесе
басқа өндірушілердің клапанын пайдалануға тыйым салынады.

ЭСЖ-ны іске қосқанда ЭСЖ-ғы суық судың бекіткіш шұрасы (21) ашық екеніне, ал ыстық судың
бекіткіш шұрасы (22) жабық екеніне көз жеткізіңіз. ЭСЖ-жан ауаның шығуын қамтамасыз ету
үшін ЭСЖ-ғы суық су беретін шүмекті (19), ЭСЖ-дан ыстық су шығатын шүмекті (20) жəне
араластырғыштағы ыстық су шүмегін ашыңыз. ЭСЖ-ны соңғы толтырғанда араластырғыштың
шүмегінен су үздіксіз ағынмен ағады. Араластырғыштағы ыстық су шүмегін жабыңыз,
ернемекті ағып кетуге тексеріңіз жəне қажет болса, бұрандамаларды тартып бұраңыз.

23

Оглавление

Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 ECO INOX ABS PW 50 V

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 ECO INOX ABS PW 50 V

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 R INOX ABS 100

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 R INOX ABS 100

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

Aceline D30-15F2, D50-15F2, D80-15F2, D100-15F2

20 стр.