Инструкция водонагреватель электрический Thermex TitaniumHeat 100 V

Page 42 (стр. 42 из 52)

Бренд: Thermex

Страница 42 документа Водонагреватель электрический Thermex TitaniumHeat 100 V. Раздел: Водонагреватели электрические. Бренд: Thermex.

Текст страницы

KZ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ЭСЖ-ны сақтандырғыш клапансыз пайдалануға немесе
басқа өндірушілердің клапанын пайдалануға тыйым салынады.

ЭСЖ-ны қосқан соң, ЭСЖ-да суық судың тиек шұрасының (23) ашық тұрғанын, ал ыстық судың
тиек шұрасы (24) жабық тұрғанын тексеріңіз. ЭСЖ-дан ауа ағысын қамтамасыз ету үшін, ЭСЖ-
ға суық су беретін кранды (21), ЭСЖ-дан ыстық су шығатын кранды (22) жəне
араластырғыштағы ыстық су кранын ашыңыз. ЭСЖ-ны соңғы толтыру кезінде,
араластырғыштың кранынан үздіксіз су ағады. Араластырғышта ыстық су кранын жауып,
ернемекте ағыстың бар-жоғын тексеріңіз, қажет болған жағдайда, бұранды тартып бекітіңіз.

ЭСЖ-ны су құбырымен жабдықталмаған орындарда қосқан кезде, сорғы станциясын
пайдаланып, қосымша сыйымдылықтан немесе ЭСЖ-ның үстіңгі нүктесінен кемінде 5 метр
биіктікте орналасқан сыйымдылықтан ЭСЖ-ға су беруге рұқсат етіледі.

Электр желісіне қосу

Суэылытқышты электр желісіне қосу алдында, оның параметрлерінің сужылытқыштың
техникалық сипаттамаларына сəйкес келуіне көз жеткізіңіз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр қорегін қосу алдында, ЭСЖ-ның сумен
толтырылғанына көз жеткізіңіз!

Сужылытқыш өзінің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жерге қосылуы тиіс.

ЭСЖ еуроайыры бар немесе еуроайыры жоқ штаттық желілік баумен жəне ҚАҚ-пен (опциялық)
жабдықталған. Электрлік розетка өзіне жүргізілген жерге қосу сымымен жерге қосу түйісуіне ие
болуы жəне ылғалдан қорғалған жерде орналасуы немесе IРХ4-тен төмен емес талаптарды
қанағаттандыруы керек.

Алғашқы қосудан кейін ЭСЖ-ны бақылауды қамтамасыз ету қажет. Параметрлерге кез келген
сəйкестік жағдайында (жылыту, температура, индикация, термостаттың жұмыс істемеуі),
сервистік қызметке жүгіну керек.

Техникалық қызмет көрсету (ТҚК)

ТҚК мерзімді өткізу жəне магнийлік анодты уақтылы ауыстыру ЭСЖ-ның ұзақ уақыт жұмыс үшін
міндетті шарттар болып табылады. Осы талаптарды орындамау ЭСЖ-ны кепілді қызмет
көрсетуден алып тастауға негіз болып табылады. Техникалық дайындаушы мен
сатушының кепілді міндеттемелеріне кірмейді.

ТҚК өткізу кезінде магнийлік анодтың күйі жəне ТЭЖ-да суқақтың болуы тексеріледі. Сонымен
бір мезгілде ЭСЖ-ның астыңғы бөлігінде жиналуы мүмкін тұнба жойылады.

Магнийлік анодты кемінде жылына бір рет ауыстыру керек. Егер су құрамында химиялық
қоспалардың мөлшері көп болса, онда магнийлік анодты жарты жылда бір рет ауыстыру керек.
ТЭЖ-да суқақтың пайда болуы оны істен шығаруы мүмкін, мұның өзі кепілді жағдай болып
табылмайды, оны ауыстыру дайындаушы мен сатушының кепілді міндеттемелеріне кірмейді.

42

Оглавление

Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 ECO INOX ABS PW 50 V

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 ECO INOX ABS PW 50 V

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 R INOX ABS 100

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

ARISTON PRO1 R INOX ABS 100

68 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Водонагреватели и котлы отопления / Водонагреватели электрические

Aceline D30-15F2, D50-15F2, D80-15F2, D100-15F2

20 стр.