Инструкция встраиваемая посудомоечная машина Candy NOVA CI 1A7E1AB-08

Страница 55 (стр. 55 из 100)

Бренд: Candy

Страница 55 документа Встраиваемая посудомоечная машина Candy NOVA CI 1A7E1AB-08. Раздел: Встраиваемые посудомоечные машины. Бренд: Candy.

Текст страницы

1

ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ҚАҒИДАЛАРЫ

• Бұл құрылғы үй жағдайында немесе теңдес жағдайда қолдануға арналған:
• дүкен, кеңсе немесе басқа теңдес үй-жайларда персоналға арналған ас
бөлмесі;
• қала сыртындағы тұрғын үйлер;
• қонақ үй, мотель және басқа тұрғылықты үй-жайлардың тұрғындары;
• «жатын жай және таңғы ас» типіндегі қонақ үйлер.
• Тек тұрмыстық ыдыс жуатын машинамен пайдалану үшін ұсынылған жуғыш
құралдар және шайғыштарды қолданыңыз және оларды балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
• Жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін әр жолы жуғыш құралдың дозаторын
тексеру керекол бос болуы керек.
• Жуу үшін ыдысты жүктегенде, өткір заттарды олар ыдыс жуатын машинаны
бүлдірмейтіндей, ал өткір пышақтарды- қолды кесіп алмау үшін тұтқасын
жоғары қаратып орналастырыңыз.
• Пайдалану кезінде (ыдыс жуатын машинаның негізіндегі металл дискі) және
пайдаланудан кейін бірден сүзгіш тілімшеге қол тигізбеңіз, ол ыстық болуы
мүмкін.
• Басқару элементтеріне өз бетінше өзгеріс енгізуге болмайды.
• Ыдыс жуатын машинаның есігі немесе себетіне отырмаңыз және тұрмаңыз.
• Реттелетін сөреге, әсіресе дененің бар салмағымен сүйенуге болмайды.
• Жарақаттың алдын алу үшін, балаларға ыдыс жуатын машинамен немесе оның
үстінде ойнауға рұқсат бермеңіз.
• Белгілі бір жағдайларда екі немесе одан да көп апта бойы пайдаланылмаған
су жылытқыш жүйесінде газ тәрізді сутегі пайда болуы мүмкін. Газ тәрізді сутегі
жарылғыш. Сол себепті, бұл жағдайда, ыдыс жуатын машинаны пайдалану
алдында барлық ыстық су шүмектерін ашыңыз және бірнеше минут бойы
ішіндегі суды ағызып жіберіңіз. Бұл жинақталған газ тәрізді сутегіні босатып
шығарады. Газ жылдам тұтанатын болғандықтан, оңай тұтанады және бұл
уақытта темекі шегуге және ашық от жағуға болмайды.
• Ескі ыдыс жуатын машинаны кәдеге жарату алдында оның есігін шешіп алу
керек.
• Кейбір ыдыс жуатын машиналарға арналған құралдар күшті сілті болып
табылады.
• Олар жұтып қойған жағдайда, төтенше қауіпті болуы ықтимал. Теріге және көзге
түсуіне жол бермеңіз және балаларды есігі ашық тұрған ыдыс жуатын машинаға
жақындатпаңыз. Жуу циклы аяқталғаннан кейін жуғыш құралға арналған
ыдыстың бос екеніне көз жеткізу керек.
• Сертификатталған тұрмыстық ыдыс жуатын машиналар қоғамдық тамақтану
кәсіпорындарында пайдалану үшін арналмаған.

Техникалық қызмет көрсету барысындағы қауіпсіздік
нұсқаулары.

• Тазалау және техникалық қызмет көрсету алдында ыдыс жуатын машинаны
желіден ажырату керек.
• Құрылғыны ажыратқан кезде, оларға зақым келтірмеу үшін қуат сымынан
немесе сымның қосылатын жерінен емес, ашадан ұстап тарту керек.

KZ

55

Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые посудомоечные машины

CANDY CI 4E7L0W-08

48 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые посудомоечные машины

CANDY NOVA CI 4A7E0AA-08

100 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые посудомоечные машины

DEXP BD45-M01L

52 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые посудомоечные машины

DEXP BD45-M01L

52 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые посудомоечные машины

Gressel UBB600

53 стр.