Инструкция встраиваемая посудомоечная машина Candy NOVA CI 1A7E1AB-08

Страница 56 (стр. 56 из 100)

Бренд: Candy

Страница 56 документа Встраиваемая посудомоечная машина Candy NOVA CI 1A7E1AB-08. Раздел: Встраиваемые посудомоечные машины. Бренд: Candy.

Текст страницы

1

• Ыдыс жуатын машинаны өз бетіңізше жөндеуге немесе бөлшектерін
алмастыруға болмайды және нұсқаулықта көрсетілмеген жағдайда қандай да
бір техникалық қызмет көрсетуге болмайды.
• Ыдыс жуатын машинаның айналасындағы еден тайып кетпеу үшін таза және
құрғақ болуы керек.
• Мамық, қағаз, шүберек және химикаттар секілді жанғыш материалдардың ыдыс
жуатын машинаның астына, айналасына жинақталуына жол бермеу керек.

Пайдалану барысындағы қауіпсіздік техникасы
нұсқаулары.

ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ҚАҒИДАЛАРЫ

• Егер ыдыс жуатын машина жұмыс істеп тұрса, есігін ашу кезінде мұқият
болу керек. Керісінше жағдайда, ыстық су сізге шашырап кетуі мүмкін.
Бүріккіштердің айналуы тоқтағанға дейін есікті толықтай ашуға болмайды.
• Есікке сүрініп кету мүмкін болғандықтан, оны ашық қалдыруға болмайды.
• Ыдыс жуатын машинаның ішіндегі су ішу үшін жарамсыз.
• Ыдыс жуатын машина орнатылған тегіс сүзгімен және бүріккіші (бүріккіштері)
бар ағызу сүзгісімен пайдаланылуы керек. Бұл бөлшектермен толығырақ «Күтім
және тазалау» бөліміндегі суреттерден танысуға болады.
• Ыдыс жуатын машина бүлінген, ақаулы немесе жартылай бөлшектелген немесе
қандай да бір бөлшектері болмаған немесе сынған жағдайда: мысалы, қуат беру
шнуры немесе ашасы ақаулы болғанда, оны пайдалануға болмайды.
• Тұрмыстық техника балалардың ойнауына арналмаған. 8 жасқа дейінгі
балаларға аталған электрлік құралдың жанында тек ересектердің
қадағалауымен ғана тұруға рұқсат етіледі. Бұл машинаны 8 жастан асқан
балалар, сондай-ақ дене, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі
немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар, егер олар қадағалауда болса
немесе машинаны қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаулар берілсе және олар
ықтимал қауіптерді түсінсе, пайдалана алады.
• Балаларға қадағалаусыз құрылғыны тазалау және техникалық қызмет көрсетуге
рұқсат етілмейді.
• Балалардың ыдыс жуатын машинаның ішінде, онымен немесе басқа кез келген
кәдеге жаратылған құралмен ойнауға рұқсат бермеңіз.
• Ыдыс жуатын машинаны тазалауға арналған құралды пайдаланғанда
машинаның істен шығуының алдын алу үшін жуғыш құралмен жуу
бағдарламасын бірден іске қосуды ұсынамыз.
• Ыдыс жуатын машина әдеттегі үй ыдыстарын жуу үшін арналған. Бензин,
бояу, болат немесе темір қоқыспен, агрессивті, қышқылды немесе сілтілі
химикаттармен ластанған заттарды ыдыс жуатын машинада жууға болмайды.
• Ыдыс жуатын машина ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған жағдайда, оған су
және электр беруді тоқтату керек.

KZ

56

Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые посудомоечные машины

CANDY CI 4E7L0W-08

48 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые посудомоечные машины

CANDY NOVA CI 4A7E0AA-08

100 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые посудомоечные машины

DEXP BD45-M01L

52 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые посудомоечные машины

DEXP BD45-M01L

52 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые посудомоечные машины

Gressel UBB600

53 стр.