Текст страницы
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Жаңа Samsung өнімін сатып алғаныңызбен құттықтаймыз. Бұл пайдаланушы нұсқаулығында өнімді орнату,
іске қолдану, оған күтім көрсетуге қатысты маңызды ақпараттар қамтылған. Өніміңіздің көп мүмкіндіктері
мен функцияларын толық қолдану үшін, осы пайдаланушы нұсқаулығын оқып шығуға уақыт бөліңіз.
Қандай қауіпсіздік нұсқауларын білу керек
Жаңа өніміңіздің кең ауқымды мүмкіндіктері мен функцияларын қауіпсіз және тиімді пайдалану жолдарын
білетініңізге көз жеткізу үшін осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Нұсқаулықты кейін қарап жүру
үшін өнімге жақын, сенімді жерде сақтаңыз. Бұл өнімді тек осы нұсқаулықта көрсетілген мақсатта ғана
қолданыңыз. Осы нұсқаулықта көрсетілген ескертулер мен қауіпсіздік нұсқаулары, орын алуы мүмкін
жағдайлардың барлығын қамтымаған. Өнімді орнату, оған күтім көрсету және іске қосу барысында сақ
болу, қарапайым сақтық шараларын сақтау сіздің міндетіңіз. Себебі келесі іске пайдалану нұсқаулары әр
түрлі үлгілерге арналған, сондықтан өніміңіздің техникалық параметрлері, осы нұсқаулықта сипатталған
үлгілерден сәл өзгеше болуы және ескерту белгілерінің кейбіреуі құрылғыңызға қатысты болмауы мүмкін.
Сұрағыңыз немесе өзіңізді толғандырып жүрген мәселе болса, жақын жердегі қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз немесе www.samsung.com веб-сайтынан анықтама және ақпарат алыңыз.
Маңызды қауіпсіздік белгілері
Осы нұсқаулықтағы таңбалар мен белгілер нені білдіреді:
ЕСКЕРТУ
Адам қатты жарақат алатын, мерт болатын және/немесе мүлікке зиян келтіретін қатерлі жағдайлар не
қауіпті әрекеттер.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Адам жарақат алатын және/немесе мүлікке зиян келтіретін қатерлі жағдайлар не қауіпті әрекеттер.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Өрт немесе жарылыс қаупін азайту үшін келесі негізгі сақтық шараларын қолданыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Ыстық бет
Нұсқауларды оқыңыз
Осы нұсқаулықты оқығаннан кейін, кейін қарап жүру үшін сенімді жерге сақтап қойыңыз.
Өнімді қолданар алдында барлық нұсқауларды оқып шығыңыз.
ЕСКЕРІМ
Адамға немесе мүлікке зақым келтіретін қауіптің бар екенін көрсетеді.
Бұл ескерту белгілері өзіңіз және басқа адамдар жарақат алмас үшін берілген.
Қазақ
4
Untitled-14 4
Untitled-14 4
2024-11-04 4:18:01
2024-11-04 4:18:01