Инструкция паровой шкаф Samsung DF24CB9900CRLP

Электрге қатысты ескертулер (стр. 68 из 116)

Бренд: Samsung

Страница 68 документа Паровой шкаф Samsung DF24CB9900CRLP. Раздел: Сушильные шкафы. Бренд: Samsung.

Текст страницы

Қауіпсіздік туралы ақпарат

•
Фторлы жылыжай газы бар.
Герметикалық түрде тығыздалған бұйым.
Газдарды ауаға жібермеңіз.

-
Салқындатқыш (Түрі): R-134a (GWP = 1430)
-
Салқындатқыш (Зарядтау): 0,16 кг, 0,214 tCO 2e

Электрге қатысты ескертулер


ЕСКЕРТУ

•
Құрылғының ашасы қосылатын ағытпалар мен түйіспелеріндегі шаң немесе су тәрізді бөгде заттарды
құрғақ шүберекпен үнемі тазалап отырыңыз.
•
Ашаны розеткадан суырыңыз да, құрғақ шүберекпен тазалаңыз.
•
Токқа соғылу қатерін болдырмау үшін құрылғыны бөлшектеу немесе жөндеу алдында әрқашан қуат
көзінен ажыратыңыз.
•
Ашаны розеткадан қорек сымынан тартып суырмаңыз. Қуат ашасын ток көзінен ағыту үшін тура тартып,
розеткадан суырыңыз.
•
Токқа соғылу қатерін болдырмау үшін ұзартқыш сымды пайдаланбаңыз.
•
Зақымдалған қуат сымын немесе қуат ашасын пайдаланбаңыз. Қуат сымын немесе қуат ашасын өзіңіз
жөндеуге, бөлшектеуге немесе өзгертуге әрекеттенбеңіз. Жөндеу мәселелері бойынша жақын жердегі
Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
•
Қуат сымын жергілікті электр талаптарына сәйкес келетін розеткаға сұғыңыз. Розетканы тек осы құрылғы
үшін пайдаланыңыз және ұзартқышты пайдаланбаңыз.
•
Өнімді жылжытқан кезде, қуат сымының әрқашан қорғалып тұрғанына көз жеткізіңіз.
•
Ток соғу, өрт шығу, ауыр жарақаттың алдын алу, өнімді зақымдау және/немесе мерт болмау үшін
құрылғыны жерге дұрыс тұйықталған розеткаға қосу керек. Қабырғадағы розетка мен айырып-қосқышты
білікті электрші тексергеніне көз жеткізіңіз.
•
Құрылғыны жерге тұйықтайтын өткізгіш пен жерге қосатын ашамен жабдықтау керек. Қуат ашасын
барлық жергілікті нормалар мен ережелерге сәйкес жерге тұйықталған және дұрыс орнатылған
розеткаға қосу керек.
•
Құрылғыны жерге тұйықтау керек. Құрылғы сынып немесе жұмыс істемей қалса, жер қосылымы электр
тоғының ағымын, кедергісі ең төмен жолға бағыттау арқылы электр қатерінен азайтады.
•
Құрылғыны пайдалану алдында оның арнайы, жерге тұйықталған электр розеткасы бар екенін
тексеріңіз. Стандартты 2 контактілі қабырғалық розетканы стандартты 3 контактілі розеткаға айырбастау -
пайдаланушының міндетіне жатады.
•
Токқа соғылу қатерін болдырмау үшін құрылғыны барлық басшылыққа алынатын нормалар мен
ережелерге сәйкес жерге дұрыс тұйықтау қажет. Пайдаланушы нұсқаулығындағы нұсқауларды
орындаңыз.
•
Құрылғыны техникалық ақпарат тақтайшасында берілген кернеуі бар, жеке электр розеткасына
қосу керек. Бұл құрылғының жұмысын жақсартады, сондай-ақ қызып кеткен сымдар, үйдегі электр
тізбектеріне шамадан тыс жүктеме салып, өрт қаупін тудырмау үшін қажет.
•
Электр жүктемесін арттырмау үшін техникалық параметрлері және өлшемі сай келетін, қорғалған қуат
тізбегіне қосыңыз. Сәйкес келмейтін қуат тізбектері балқып, электр немесе өрт қатерін тудыруы мүмкін.

Қазақ
8

Untitled-14 8
Untitled-14 8
2024-11-04 4:18:01
2024-11-04 4:18:01

Оглавление

OID81378_IB_DF24C-DF18C_BESPOKE_RU 1
OID81378_IB_DF24C-DF18C_BESPOKE_KK 61
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

AEG LTR6G261E

36 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

AEG LTR6G261E

36 стр.