Текст страницы
Қауіпсіздік туралы ақпарат
5. АБАЙЛАҢЫЗ: Тоқтың қосылып кетуінің салдарынан орын алатын
қатерлерге жол бермеу үшін құрылғы таймер сияқты сырттан қосатын
құрылғыға немесе арнайы тетікпен жиі қосылып немесе сөндіріліп
тұратын тізбектерге қоспау керек.
6. Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде көрсетілген жерлерде
қолдануға арналған:
– дүкендердегі, кеңселердегі және басқа да жұмыс орталарындағы
қызметкерлердің асханаларында;
– ауылдағы үйлерде;
– қонақ үйлерде, мотелерде және басқа да тұрғын үй-жайларда;
– түнету мен таңғы ас беретін орындарда.
7. ЕСКЕРТУ: Бұл құрылғы тек сумен жуылған текстиль заттарды
кептіруге ғана арналған.
Жалпы ескертулер
ЕСКЕРТУ
•
Ток соғу, өрт шығу және/немесе мерт болуды алдын алу үшін өнімді қолданар алдында осы нұсқаулықта
сипатталғандай өнімнің дұрыс орнатылғанын және жерге тұйықталғанын тексеріңіз.
•
Өнімді тек өз мақсатында қолданыңыз. Өнімді осы нұсқаулықта көрсетілгеннен басқа мақсаттарда
пайдаланудан туындаған залал кепілдікке жатпайды.
•
Жарақат алудан және/немесе өнімнің зақымдануын болдырмау үшін өнімді жоғары көтермеңіз, үстіне
шықпаңыз және оған асылып тұрмаңыз.
•
Өнімді қандай бір жолмен бөлшектеуге немесе өзгертуге әрекеттенбеңіз.
•
Балаларға өнімге шығып, ішіне кіріп не маңында ойнауға рұқсат бермеңіз. Балаларды әрқашан мұқият
қадағалау қажет.
•
Өрт, жарақат алу және/не мерт болмау үшін барлық орам материалдарын балалардан алыс ұстаңыз және
орам материалдарының барлығын қоқысқа дұрыс тастаңыз.
•
Өнімді дымқыл қолмен ұстамаңыз немесе жұмыс істемеңіз.
•
Токқа соғылуға және/не өрт шығуына жол бермеу үшін өнімге жануарлар мен бөгде заттардың
жақындауына жол бермеңіз.
•
Егер бөгде дыбыс естісеңіз, белгісіз иіс сезсеңіз және/немесе өнімнен түтін шыққанын байқасаңыз,
құрылғыны дереу қуат көзінен ажыратыңыз.
•
Ауыр немесе қауіпті заттарды өнімнің ішіне, үстіне не айналасына қоймаңыз.
Қазақ
6
Untitled-14 6
Untitled-14 6
2024-11-04 4:18:01
2024-11-04 4:18:01