Инструкция паровой шкаф Samsung DF24CB9900CRLP

Орнатуға қатысты ескертулер (стр. 69 из 116)

Бренд: Samsung

Страница 69 документа Паровой шкаф Samsung DF24CB9900CRLP. Раздел: Сушильные шкафы. Бренд: Samsung.

Текст страницы


Жерге тұйықтайтын контактіні ешқашан қорек сымынан кеспеңіз және ажыратпаңыз. Адам жарақат
алмау немесе құрылғы зақымданбау үшін қуат сымын жерге дұрыс тұйықталған розеткаға қосу керек.

Жерге дұрыс тұйықталмаған (тасымалданатын) бірнеше көзі бар розетканы пайдаланбаңыз. Жерге
дұрыс тұйықталған көп көзді розетканы (тасымалданатын) пайдаланған кезде, ток шамасы 15 А немесе
одан жоғары құрылғыны пайдаланыңыз. Бұлай істемеген жағдайда, көп көзді розетканың қызып кетуіне
байланысты электр немесе өрт қатері пайда болуы мүмкін. Айырып-қосқыш қосылғанда қуат сөніп қалуы
мүмкін.

Құрылғыны жерге тұйықталған металға, тұрақты сым жүйесіне қосу немесе жерге тұйықтағыш тізбек
өткізгіштерімен бірге жұмыс істеп тұруы және құрылғыны жерге тұйықтағыш терминалға немесе
құрылғыдағы арнайы тетікке қосу керек. Құрылғы жерге дұрыс тұйықталмаған жағдайда электр тогы
соғуы мүмкін.

Жерге қосатын өткізгіш дұрыс жалғанбағанда электр қатері орын алады. Өнімді жерге тұйықтауға
қатысты күмәніңіз болса, білікті электршіге немесе қызмет көрсету технигіне хабарласыңыз.

Орнатуға қатысты ескертулер


ЕСКЕРТУ


Құрылғыны орнықты, жақсы едені бар жерге ғана орнатыңыз. Құрылғыны дірілге бейім жерлерде, кеме
немесе ұшақ сияқты құрылғы аударылып кетуі мүмкін жерлерге орнатпаңыз. Құрылғы орнатылатын
жерге күмәндансаңыз, Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Өнімді ауа райы әсер ететін және температурасы мұздау температурасынан төмен жерлерге орнатпаңыз.
Егер құрылғы нөлден төмен градус жағдайында тасымалданса, онда оны орнатар алдында жылытыңыз.

Ток соғу, өрт, ауыр жарақат алудың алдын алу, өнімді зақымдамау және/немесе мерт болмау үшін
құрылғыны ылғалды жерлерге (мысалы, ваннаға немесе саунаға) орнатпаңыз.

Өртке, түтінге және/немесе құрылғының зақымдануына жол бермеу үшін құрылғыны басқа жылу
көздеріне (пеш немесе жылытқыш тәрізді) жақын орнатпаңыз.

Өртке, түтінге және/немесе құрылғының зақымдануына жол бермеу үшін шам немесе басқа тұтанғыш
заттарды құрылғының үстіне, ішіне немесе айналасына қоймаңыз.

Жарақат алмау және/немесе құрылғыны зақымдамау үшін оны жылжыту алдында Samsung қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.

Құрылғыны қуат ашасына қол оңай жететін жерге орнатыңыз. Электр және/немесе өрт қатерін
болдырмау үшін құрылғыны пайдаланбаған кезде қуат көзінен ажыратыңыз.

Егер құрылғы орнатылған жер судың астында қалса, құрылғыға жақындамаңыз және дереу Samsung
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Өрт, түтін шығуға жол бермеу және/немесе құрылғыны зақымдамау үшін құрылғының қорғаныс
таспаларын түгел алыңыз.

Құрылғыны зақымдамау және/немесе жарақат алмау үшін оны кемінде екі адам жылжыту қажет.

Қазақ 9

Untitled-14 9
Untitled-14 9
2024-11-04 4:18:01
2024-11-04 4:18:01

Оглавление

OID81378_IB_DF24C-DF18C_BESPOKE_RU 1
OID81378_IB_DF24C-DF18C_BESPOKE_KK 61
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

AEG LTR6G261E

36 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Стирка и сушка / Стиральные машины

AEG LTR6G261E

36 стр.