Текст страницы
•
Ток соғу, өрт шығармау және/немесе мерт болмау үшін құрылғының қандай бір бөлшегін ауыстыру,
жөндеу не оған қызмет көрсетуге, егер пайдаланушы нұсқаулығында немесе пайдаланушы іске
асыратын жөндеулер нұсқаулығында осы туралы арнайы көрсетілмесе немесе осы жұмыстарды
орындайтын дағдыңыз болмаса, онда орындамаңыз.
•
Барлық жеке заттарыңызды (электр құрылғыларды, оттықтар, сіріңке қораптары және т.б.) қалтаңыздан
шығарыңыз.
•
Өрттің және/немесе жарылыстың алдын алу үшін алдын ала жанармайға, құрғақ тазалайтын
ерітінділерге, өсімдік майларына, басқа тұтанғыш немесе жарылғыш заттарға батырылған, осылармен
жуылған немесе осы заттар жағылған заттарды кептірмеңіз.
•
Бұл өнім кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ не
қолдана білмейтін адамдар (балаларды қоса алғанда) қолдануға арналмаған. Олар осы құрылғыны өз
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқаулары немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.
•
Өнімді қоқысқа тастамас бұрын, кептіру бөлімінің есігін ағытып алып, қайта пайдаланбау үшін ашаны
розеткадан суырыңыз.
•
Өнімнің электр розеткасына қол тигізбеңіз немесе бөлшектемеңіз. Газ жылыстап аққан жағдайда, сол
жерді желдетіп, бірден Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
•
Шыны панельге зақым келтірмеу үшін алдыңғы жағын әрқашан қорғаңыз.
•
Жарақат алмау және/немесе өнімге зақым келтірмеу үшін сауыттың есігіне шықпаңыз.
•
Құрылғының астына қолыңызды, аяғыңызды және басқа дене мүшелеріңізді немесе металл заттарды
қоймаңыз.
•
Құрылғының ішін кептіру үшін басқа заттарды пайдаланбаңыз. Құрылғының ішіндегі иісті кетіру үшін
май шамды пайдаланбаңыз.
•
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда есігін ашпаңыз. Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде есігін ашсаңыз, оның
жұмысына әсер етіп, еденге жиналған су оны зақымдауы мүмкін.
•
Су толтыратын немесе Су төгетін сауыттансу ішпеңіз.
•
Қыл-қыбыр сүзгісін кір салудың алдында және алғаннан кейін әрқашан тазалаңыз.
•
Мата жұмсартқыштың немесе құрылғының өндірушісі арнайы ұсынбаса, матаның электрленуін
болдырмау үшін мата жұмсартқышты немесе басқа өнімдерді пайдаланбаңыз.
•
Саусақтарыңызды қыстырып алуыңыз мүмкін тұстардан алыс ұстаңыз. Балалар жақын жүргенде есікті
абайлап жабыңыз.
•
Құрылғыны көбік резеңке немесе басқа резеңке-тоқыма бөліктері бар заттарды кептіруге
пайдаланбаңыз.
•
Өнімді зақымдамау, шамадан тыс шуыл немесе өрт қаупін тудырмау үшін бу түтікшесін бөгде затпен
тығындамаңыз.
•
Жұмыс барысында бу түтікшесіне қолыңызды немесе денеңізді жақындатпаңыз. Ыстық будан жарақат
алуыңыз мүмкін.
•
Есікті құрылғы жұмыс істеп тұрғанда ашпаңыз. Ішкі жоғары температура жарақат алуға әкелуі мүмкін.
•
Бумен өңдеу циклы кезінде мәселе туындаса, құрылғыны дереу тоқтатып, оның ішіндегі заттарды түгел
алыңыз. Заттарды дереу сыртқа шығармасаңыз, олар дымқыл күйде қалып, матаға зақым келтіреді
немесе ол иістенеді.
•
Құрылғыға киім салар алдында барлық қалталарын босатыңыз.
Қазақ 7
Untitled-14 7
Untitled-14 7
2024-11-04 4:18:01
2024-11-04 4:18:01