Текст страницы
1 1. Қауіпсіздік техникасының ережелері
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қауіпсіздік
техникасы жөніндегі маңызды ақпарат
ЕСКЕРТУ: Жалпы ақпарат және
ұсыныстар
Экологиялық ақпарат
Қауіпсіздік техникасының ережелері
Кәдеге жарату
Қоршаған ортаны және адамдардың денсаулығын қорғауға
үлес қосыңыз. Қаптаманы тиісті контейнерге салу арқылы
қайта өңдеуге жіберіңіз. Электр және электрондық
жабдықтың қалдықтарымен де солай жасаңыз. Осы
таңбамен белгіленген құрылғыларды тұрмыстық
қалдықтармен бірге кәдеге жаратуға тыйым салынады.
Құрылғыны жергілікті кәдеге жарату пунктіне жіберіңіз
немесе муниципалды басқармаға хабарласыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Жарақат алу немесе тұншығу қаупі!
Тоңазытқыш агенттер мен газдар арнайы кәдеге жаратуды
қажет етеді. Кәдеге жаратар алдында тоңазытқыш агент
контурындағы түтіктердің зақымдалмағанына көз
жеткізіңіз. Құрылғыны электр қуат көзінен ажыратыңыз.
Желілік кабельді кесіп, оны кәдеге жаратыңыз. Сөрелер
мен жылжымалы контейнерлерді шығарыңыз, есік ілмегі
мен тығыздағыштарын алыңыз, сонда балалар мен үй
жануарлары құрылғының ішінде құлыпталып қалмайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Материалдардың жану/тұтану қаупі.
Таңба өрт қаупін көрсетеді, өйткені өнімде тез тұтанғыш
материалдар бар. Тез тұтанғыш материалдардың жануына
байланысты өрттің шығуына жол бермеу үшін абай
болыңыз.
KZ
4