Текст страницы
6 6. Күтім және тазалау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Тазалау алдында құрылғыны қуат көзінен ажырату керек.
Күтім және тазалау
Тазалау
Құрылғыны ішінде тамақ өнімдері жоқ немесе дерлік жоқ кезде тазалау керек.
Қызмет көрсету және жағымсыз иістің пайда болуына жол бермеу үшін
құрылғыны әр төрт апта сайын тазалау қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
▶
Құрылғыны тазалау үшін қатты немесе сым щеткаларды, кір жуатын ұнтақты,
бензинді, амилацетатты, ацетонды және ұқсас органикалық еріткіштерді,
сондай-ақ қышқыл немесе сілтілі еріткіштерді пайдаланбаңыз. Тоңазытқышқа
зақым келтірмеу үшін арнайы жуғыш заттың көмегімен тазалаңыз.
▶
Тазалау кезінде құрылғыға су шашпаңыз немесе оған су құймаңыз.
▶
Құрылғыны тазалау үшін су бүркімеңіз немесе буды пайдаланбаңыз.
▶
Суық шыны сөрелерді ыстық сумен жууға болмайды. Температураның кенет
өзгеруінен шыны шытынап кетуі мүмкін.
▶
Мұздатқыш камерасының ішкі бетін ұстамаңыз, әсіресе оған ылғал қолды
тигізбеңіз, себебі қол мұндай бетке жабысып қалуы мүмкін.
▶
Егер ерітілсе немесе температура жоғарыласа, мұздатылған өнімдердің күйін
тексеріңіз.
▶
Есіктің нығыздағыш тығыздағышын әрдайым
таза ұстау қажет.
▶
Құрылғының ішкі бөлігін және корпусын
бейтарап жуғыш зат қосылған жылы су
ерітіндісіне батырылған губкамен тазалаңыз.
▶
1. Тоңазытқыштың ішкі және сыртқы беттерін,
соның ішінде есік тығыздағышын, есік сөрелерін,
шыны сөрелерді, контейнейлерді және т.б. жылы
суға малынған жұмсақ шүберекпен немесе губкамен сүртіңіз (суға бейтарап
жуғыш зат қосуға болады).
▶
2. Егер сұйықтық төгілсе, ластанған заттардың барлығын алып тастаңыз,
оларды су ағынының астында жуып, кептіріңіз және қайтадан тоңазытқышқа
салыңыз.
▶
3. Қою сүт өнімі (мысалы, кілегей, еріген балмұздақ) төгіліп кетсе, ластанған
заттардың барлығын алып тастап, оларды шамамен 40 °С жылы суға біраз
уақыт салу керек. Содан кейін ағынды сумен шайып, кептіріп, қайтадан
тоңазытқышқа салу керек.
▶
4. Тоңазытқыштың ішінде (сөрелер немесе жылжымалы контейнерлер
арасында) ұсақ зат тұрып қалса, оны алу үшін кішкентай жұмсақ щетканы
пайдаланыңыз. Егер затты шығара алмасаңыз, Haier сервистік орталығына
хабарласыңыз.
KZ
27