Инструкция встраиваемый холодильник Haier HBCN5177CU1

Кепілдікті шарттар (стр. 76 из 78)

Бренд: Haier

Страница 76 документа Встраиваемый холодильник Haier HBCN5177CU1. Раздел: Встраиваемые холодильники. Бренд: Haier.

Текст страницы

Кепілдікті шарттар

Құрметті сатып алушы!
Haier корпорациясы жасаған таңдауыңыз үшін алғыс білдіреді, осы құрылғыны пайдалану ережелерін
сақталған жағдайда, оның жоғары сапасы мен мінсіз жұмыс істеуіне кепілдік береді. Тұрмыста пайдалануға
арналған тұрмыстық техника бұйымдарының ресми қызмет мерзімі: микротолқынды пештер — 5 жыл,
шаңсорғыштар — 4 жыл, қалған тауарлар — бұйымды түпкі тұтынушыға берген күннен бастап 7 жыл. Бұйымның
жоғары сапасын ескере отырып, нақты қызмет мерзімі ресми мерзімнен едәуір асуы мүмкін. Қызмет мерзімі
аяқталғаннан кейін, профилактикалық жұмыстарды жүргізу және ұсыныстар алу үшін уәкілетті сервистік
орталыққа хабарласуды ұсынамыз. Барлық өнім пайдалану шарттарын ескере отырып дайындалған және
Еуразиялық экономикалық (Кеден) одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келеді.
Түсінбестікті болдырмау үшін сатып алған кезде пайдалану құжаттамасын, кепілдікті міндеттемелердің
шарттарын мұқият оқып шығуыңызды сұраймыз. Бұл құрылғы техникалық жағынан күрделі тұрмыстық тауар
болып табылады. Егер сіз сатып алған бұйым арнайы орнатуды және қосылуды қажет етсе, Haier уәкілетті
сервистік орталығына хабарласуға кеңес береміз.
Haier корпорациясы бұйымның кемшіліктері анықталған жағдайда тұтынушылардың құқықтарын қорғау
туралы қолданыстағы заңнамамен, өзге де нормативтік актілермен белгіленген талаптарды қанағаттандыру
бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдағанын растайды. Алайда Haier корпорациясы төменде жазылған
шарттар сақталмаса, бұйымға кепілдікті қызмет көрсетуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
Кепілдікті қызмет көрсету шарттары
Haier корпорациясы тауар тұтынушыға табыс етілген күннен бастап 12 ай* кепілдік мерзімді орнатады. Ықтимал
түсініспеушіліктерді болдырмау үшін құрылғыны сату кезінде қоса берілген құжаттарды (тауар чегі, кассалық
чек, пайдалану құжаттамасы) қызмет мерзімі ішінде сақтаңыз.
Кепілдікті қызмет көрсетуді Haier уәкілетті сервистік орталықтары ғана жүзеге асырады. Уәкілетті сервистік
орталықтардың толық тізімін Haier ақпараттық орталығынан мына телефондар арқылы біле аласыз:
8-800-070-01-29 — Қазақстан тұтынушылары үшін (Қазақстан өңірлерінен қоңырау шалу тегін)
немесе
сайтта:
https://haieronline.kz
немесе
электрондық
пошта
арқылы
сұрау
салу
арқылы:
help@haieronline.kz.
Уәкілетті сервистік орталықтардың деректері өзгеруі мүмкін, анықтама алу үшін Haier ақпараттық орталығына
хабарласыңыз.
Кепілдікті қызмет көрсету кемшіліктері мыналардың салдарынан туындаған бұйымдарға таралмайды:
тұтынушының тауарды пайдалану, сақтау және/немесе тасымалдау шарттары мен ережелерін бұзу;
- бұйымды дұрыс орнатпау және/немесе қоспау;
- құжатпен расталған тиісті біліктілігі жоқ адамдарды бұйымды монтаждауға тарту сияқты тоңазытқыш
контурымен және электр қосылымдарымен жұмыс істеу технологиясын бұзу;
- пайдалану құжаттамасында талап етілген жағдайда, Бұйымға уақытылы техникалық қызмет көрсетілмеуі;
- суқұбыр желісіндегі артық немесе жеткіліксіз қысым;
- бұйымның осы типіне сәйкес келмейтін жуғыш заттарды қолдану, сондай-ақ жуғыш заттардың ұсынылған
мөлшерінен асып кету;
- бұйымды ол арналмаған мақсаттарда пайдалану;
- үшінші тұлғалардың іс-әрекеттері: уәкілетті емес тұлғалардың дайындаушы рұқсат етпеген жөндеу жүргізуі
немесе конструктивті не сұлба техникалық өзгерістер енгізуі;
- қуат беру желілерінің стандарттары мен нормаларынан ауытқу;
- еңсерілмейтін күш әсерлері (апат, өрт, найзағай және т. б.);
- жазатайым оқиғалар, тұтынушының немесе үшінші тұлғалардың қасақана немесе абайсыз әрекеттері;
- бұйым ішіне бөгде заттар, заттектер, сұйықтықтар, жәндіктер, жәндік қалдықтарының түсуінен болатын
зақымдар анықталса;
- су жылытқыштың сумен толтырылмаған/толық толтырылмаған багын қосу салдарынан термоқорғаныстың
іске қосылуы.
Кепілдік қызметін көрсету келесі жұмыс түрлерін қамтымайды:
- бұйымды пайдалану орнында орнату және қосу;
- тұтынушыға бұйымды пайдалану бойынша нұсқау және кеңес беру;
- бұйымды сыртынан немесе ішінен тазалау.
Кепілдікті қызмет көрсетуге төменде келтірілген шығын материалдары мен аксессуарлары жатпайды:
- кондиционерге арналған сүзгілер;
- кір жуғыш және ыдыс жуғыш машиналарға арналған сүзгілер, суды жеткізуге/төгуге арналған құбыршектер;
- шаңсорғыштарға арналған құбыршектер, түтіктер, щеткалар, саптамалар, шаң жинағыштар, сүзгілер;
- тәрелкелер, істіктер, торлар, табақшалар және қысқа толқынды пештерге арналған тұғырықтар;
- сүзгілер, иіс сіңіргіштер, шамдар, сөрелер, контейнерлер, тұғырықтар және азық-түлікті тоңазытқыштарда
сақтауға арналған басқа да ыдыстар;
- басқару пульттері, аккумуляторлық батареялар, қуат көзінің элементтері, сыртқы қуат блоктары және зарядтау
құрылғылары;
- бұйымға қоса берілетін құжаттама.
Бұйымға мерзімді қызмет көрсету (сүзгілерді ауыстыру және т.б.) тұтынушының қалауы бойынша қосымша
ақыға жүргізіледі.
Маңызды! Аспапта сериялық нөмірдің болмауы дайындаушы үшін аспапты сәйкестендіруді және нәтижесінде
кепілдікті қызмет көрсетуді мүмкін емес етеді. Өндірушінің сәйкестендіру тақтайшаларын аспаптан алуға
болмайды. Зауыттық тақтайшалардың бүлінуі немесе болмауы кепілдік міндеттемелерді орындаудан бас
тартуға әкелуі мүмкін.

*Кір жуғыш/кептіргіш/ыдыс жуғыш машинаның инверторлық қозғалтқышына, тоңазытқыштың/ мұздатқыштың
инверторлық компрессорына, кептіргіш машинаның компрессорына кепілдік мерзімі — тауар тұтынушыға
берілген күннен бастап 12 жыл. Тікелей жетекті (статор, ротор) кір жуғыш/ кептіргіш машинаның қозғалтқышына
өмір бойғы кепілдік беріледі.

KZ

37

Оглавление

Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые холодильники

Beko BCNA306E2S

20 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые холодильники

Beko BCNA306E2S

20 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые холодильники

Gorenje NRKI4182P1

35 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые холодильники

Gorenje NRKI4182P1

35 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые холодильники

HAIER HBW5518ERU

56 стр.