Инструкция встраиваемый холодильник Haier HBCN5177CU1

3. Алғаш рет пайдаланар алдында (стр. 50 из 78)

Бренд: Haier

Страница 50 документа Встраиваемый холодильник Haier HBCN5177CU1. Раздел: Встраиваемые холодильники. Бренд: Haier.

Текст страницы

3 3. Алғаш рет пайдаланар алдында

Құрылғыны бірінші рет қоспас бұрын, қауіпсіздік техникасына қатысты
мынадай ұсыныстарды оқып шығыңыз:

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Алғаш рет пайдаланар алдында

▶

Тасымалдау кезінде бүлінген жерлері болмауына көз жеткізіп алыңыз.

▶

Тоңазытқыш агент контурының максималды тиімділігін қамтамасыз ету үшін
орнату алдында кем дегенде екі сағат күтіңіз.

Алғаш рет пайдаланар алдында

▶

Құрылғының үлкен салмағын ескере отырып, онымен жасалатын барлық
қимылды кемінде екі адам орындауы керек.

▶

Қаптау материалдарының барлығын алып тастаңыз, оларды балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтап, қоршаған ортаға қауіпсіз жолмен кәдеге жаратыңыз.

▶

Тамақ өнімдерін қоймас бұрын, құрылғының ішкі және сыртқы бетін сумен
және жұмсақ жуғыш затпен жуыңыз.

▶

Құрылғы тураланып, жуылғаннан кейін, оны қуат көзіне қоспас бұрын кемінде
2–5 сағат күтіңіз. «ОРНАТУ» тарауын қар.

▶

Тамақ өнімдерін салмас бұрын, камералар үшін параметрлердің жоғары
мәндерін алдын ала орнатыңыз. Қарқынды мұздату функциясы камераларды
тез салқындатуға көмектеседі.

▶

Тоңазытқыш камерасының температурасы мен мұздатқыш камерасының
температурасы автоматты түрде 5 °C және -18 °C температура деңгейінде
орнатылады. Бұлар — ұсынылатын баптаулар. Қаласаңыз, бұл температура
мәндерін қолмен өзгертуге болады. «ТЕМПЕРАТУРАНЫ РЕТТЕУ» тарауын қар.

Орнату

▶

Құрылғыны жақсы желдетілетін жерге қою керек. Құрылғының үстінде және
айналасында кемінде 10 см бос орын болу керек.

▶

Құрылғыны ылғал жиналатын жерлерде және оған су шашырауы мүмкін
жерлерде орнатпаңыз. Шашыраған су мен дақтарды жұмсақ, таза
шүберекпен сүртіңіз.

▶

Құрылғыны тікелей күн сәулесі түсетін аумаққа немесе жылу көздеріне
(мысалы, пештерге, жылытқыштарға) жақын орнатпаңыз.

▶

Құрылғы оның өлшемі мен мақсатына сәйкес келетін жерде орнатылып,
көлденеңінен туралануы керек.

▶

Құрылғының желдету саңылауларын жаппаңыз.

▶

Зауыттық тақтайшада көрсетілген электрлік сипаттамалар электрлік қуат
көзінің параметрлеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Сәйкес келмеген
жағдайда электриктен көмек сұраңыз.

▶

Құрылғы 220-240 В қуат көзінен, 50 Гц ауыспалы токтан жұмыс істейді.
Кернеудің қалыптан тыс ауытқуы құрылғыны іске қосуға кедергі келтіруі
немесе температура реттегіштің не компрессордың зақымдалуына, сондай-
ақ жұмыс кезінде қалыптан тыс шудың пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұл
жағдайда автоматты реттегіш орнату қажет.

▶

Розетка блоктары мен ұзартқыштарды пайдаланбаңыз.

KZ

11

Оглавление

Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые холодильники

Beko BCNA306E2S

20 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые холодильники

Beko BCNA306E2S

20 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые холодильники

Gorenje NRKI4182P1

35 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые холодильники

Gorenje NRKI4182P1

35 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые холодильники

HAIER HBW5518ERU

56 стр.