Текст страницы
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
3
▶
Құрылғының артқы панеліне тасымалданатын розеткаларды немесе
портативті қуат көздерін қоймаңыз.
▶
Кабель тоңазытқыш аяғының астына түспегеніне көз жеткізіңіз. Электрлік қуат
көзінің кабелін баспаңыз.
▶
Қуат алу үшін жерге тұйықталған бөлек электр розеткасын пайдаланыңыз,
оған еркін қол жеткізуге мүмкіндік беріңіз. Құрылғы міндетті түрде жерге
тұйықталуы керек.
▶
Алғаш рет пайдаланар алдында
Электрмен жабдықтау кабелі зақымданған кезде оны қауіпті болдырмау
үшін өндіруші, клиенттерге қолдау көрсету қызметі немесе ұқсас білікті
қызметкерлер ауыстыруы керек. Тік түйіспені (жерге тұйықтау) кесуге немесе
демонтаждауға тыйым салынады. Құрылғыны орнатқаннан кейін, аша
пайдалану аймағында болуы керек.
▶
Тоңазытқыш агент контурына зақым келтірмеңіз.
Күнделікті пайдалану
▶
Бұл құрылғыны 8 жастағы не одан асқан балалардың және физикалық,
сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті шектеулі немесе тиісті тәжірибесі мен
білімі жоқ тұлғалардың (егер пайдалануы қадағаланса, құрылғыны қауіпсіз
пайдалану туралы нұсқаулық берілсе және ықтимал қауіптерді түсінсе)
пайдалануына рұқсат етіледі.
▶
3 пен 8 жас аралығындағы балаларға құрылғыны пайдалануға рұқсат етіледі,
бірақ оны тазалауға немесе орнатуға рұқсат етілмейді.
▶
3 жасқа толмаған балалардың үнемі қараусыз құрылғыға жақын жерде
жүруіне жол бермеңіз.
▶
Балаларға құрылғымен ойнауға тыйым салынады.
▶
Егер құрылғыға жақын жерде газ тәрізді тоңазытқыш агенттің немесе басқа
тез тұтанғыш газдың аққаны байқалса, газ шығып жатқан құбырдың клапанын
жауып, есік-терезені ашыңыз, тоңазытқыштың немесе басқа құрылғының
электрлік қуат көзі кабелінің ашасын розеткадан шығармаңыз.
▶
Құрылғының белгілі бір қоршаған орта температурасы аралығында жұмыс
істеуге реттелгенін ескеріңіз: 10°C-тан 43 °C-қа дейін. Көрсетілген аралықтан
жоғары немесе төмен температурада ұзақ уақыт болу нәтижесінде жұмыста
іркіліс болуы мүмкін.
▶
Құлау немесе су тию нәтижесінде электр тогының соғуы салдарынан жарақат
алуға жол бермеу үшін тоңазытқышқа тұрақсыз заттар (ауыр заттар, су толы
ыдыстар) қоймаңыз.
▶
Есіктегі сөрелерді тартпаңыз. Бұл жағдайда есік еңкейіп, бөтелке сөресі
сырғып, ал құрылғы аударылып кетуі мүмкін.
▶
Есіктерді тек тұтқалардан ашыңыз және жабыңыз. Есіктердің арасындағы,
сондай-ақ есіктер мен шкаф арасындағы аралық өте тар. Жарақаттанбас үшін
саусақтарды онда салудан абай алыңыз. Тоңазытқыштың есіктерін ашпай не
жаппай тұрып, балаларға тиіп кетпейтініне көз жеткізіңіз.
▶
Бұл құрылғыда немесе оған жақын жерде тез тұтанғыш, жарылу қаупі бар не
коррозиялық материалдарды сақтамаңыз және пайдаланбаңыз.
▶
Құрылғыда дәрілерді, бактериологиялық немесе химиялық заттарды
сақтамаңыз. Бұл құрылғы тұрмыста пайдалануға арналған. Онда
KZ
12