Текст страницы
3
Тоңазытқыш агент туралы ақпарат
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Алғаш рет пайдаланар алдында
Құрылғы құрамында ИЗОБУТАН (R600a) тез тұтанғыш тоңазытқыш агенті
бар. Тасымалдау немесе орнату кезінде тоңазытқыш агент контурының
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Тоңазытқыш агенттің ағып кетуі нәтижесінде
көз жарақаты болуы немесе тоңазытқыш агент тұтануы мүмкін. Егер зақымдалса,
ашық от көздерін тоңазытқышқа жақындатпаңыз, орынжайды әбден желдетіңіз,
тоңазытқыштың немесе кез келген басқа құрылғының электрлік қуат көзі
кабельдерін қоспаңыз не ажыратпаңыз. Клиенттерге қолдау көрсету қызметіне
хабарласыңыз.
Тоңазытқыш агент көзге тиіп кетсе, дереу ағынды сумен шайып, көз дәрігеріне
хабарласыңыз.
Мақсаты бойынша пайдалану
Бұл құрылғы азық-түлікті салқындатуға және мұздатуға арналған. Ол тек
дүкендердегі, кеңселердегі және басқа да жұмыс орынжайларындағы, фермалар
мен қонақүйлердегі, мотельдердегі және қонатын жер мен тамақтануды ұсынатын
басқа да ұқсас мекемелердегі, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру
жөніндегі компанияларындағы асүйлер сияқты тұрмыстық және ұқсас
жағдайларда пайдалануға арналған. Құрылғы коммерциялық не өнеркәсіптік
пайдалануға арналмаған.
Құрылғының конструкциясына өзгерістер енгізуге рұқсат етілмейді. Мақсаттан тыс
пайдалану қауіпті жағдайларға және барлық кепілдікті міндеттеменің жойылуына
әкелуі мүмкін.
KZ
15