Текст страницы
Іске кірісу алдында
Шайғыш зат деңгейінің параметрі
Цикл кезінде қолданылатын шайғыш заттың мөлшерін өзгертуге болады.
1. Шайғыш зат деңгейі параметрінің мәзірін таңдау үшін Зарарсыздандыру түймесін басыңыз.
-
Дисплейде қазіргі параметрлер көрсетіледі. (Әдепкі параметр: “d4”)
2. Параметрді өзгерту үшін АВТОМАТТЫ (DW50R4070BB / DW50R4060BB үлгісінде) немесе Қалыпты
(DW50R4050BB / DW50R4040BB үлгілерінде) циклы түймесін басыңыз.
-
d1 - d5 дейін (ең аз – ең көп) таңдай аласыз.
3. Параметрді сақтау үшін 5 секунд күтіңіз.
Іске кірісу алдында
Су кермектік деңгейінің параметрі
Су кермектігінің деңгейін аймағыңыздағы су кермектігіне сәйкес өзгерте аласыз. Бұл параметрді өзгерту
ыдыс жуу машинасының тұз сауытындағы тұзды тұтынуға әсер етеді.
1. Су кермектік деңгейі параметрінің мәзірін таңдау үшін Кешіктіріп бастау түймесін басыңыз.
-
Дисплейде қазіргі параметрлер көрсетіледі. (Әдепкі параметр: “H4”)
2. Параметрді өзгерту үшін АВТОМАТТЫ (DW50R4070BB / DW50R4060BB үлгісінде) немесе Қалыпты
(DW50R4050BB / DW50R4040BB үлгілерінде) циклы түймесін басыңыз.
-
H1 – H6 (жұмсақ – кермек) дейін таңдай аласыз.
3. Параметрді сақтау үшін 5 секунд күтіңіз.
ЕСКЕРТПЕ
•
Параметрді кестеде көрсетілгендей өзгерту үшін “Тұздың салынатын мөлшерін реттеу” тарауын 49-
беттен қараңыз.
•
Зауыттық параметрлер: H4 (EN50242)
•
Ыдыс жуу машинасы параметрдің орнатылуына қарай су жұмсартқышты 3-4 циклде бір рет қалпына
келтіреді. Дегенмен, ыдыс жуғыш машина параметрді өзгерткеннен кейін су жұмсартқышты бірінші
циклде қалпына келтіреді.
Қазақ
44
DW4000RM(A5)_IB_DD81-02709C-02_KK.indd 44
2019-08-28 12:57:19