Текст страницы
Кешіктіріп бастау
Цикл басталу уақытын 1 сағаттық қадамдармен 24 сағатқа дейін ұзартуға болады. Кешіктіру уақытын
ұзарту үшін Кешіктіріп бастау түймесін басыңыз. Көрсетілген сағат - циклдың басталатын уақытын
білдіреді.
1. Есікті ашып, ыдыс жуғыш машинаға ыдыстарды салыңыз.
2. Уақытты 1 сағаттық қадаммен өзгерту үшін Кешіктіріп бастау түймесін басыңыз.
-
Түймені басып тұрып, түймені босатқанша уақыт көбейеді.
3. START (БАСТАУ) түймесін басып, содан кейін есікті жабыңыз.
ЕСКЕРТПЕ
Ыдыс жуғыш машина іске қосылған кезде кешіктіру уақытын өзгертіп, ыдыс жуғыш машинаны қайта іске
қосу үшін POWER (ҚУАТ) түймесін басыңыз.
Басқару панелінің бекітпесі
Іске пайдалану
Балалар ыдыс жуғыш машинамен ойнамау үшін Басқару панелінің бекітпесі құралы POWER (ҚУАТ)
құралынан басқа барлық түймелерді бұғаттайды.
•
Басқару панелінің бекітпесі қосу үшін Мультитаб түймесін 3 секунд басыңыз
Басқару панелінің бекітпесі қосулы тұрса, циклды немесе опцияны таңдап немесе жұмысты бастай
алмайсыз.
•
Басқару панелінің бекітпесі сөндіру үшін Мультитаб түймесін тағы 3 секунд басыңыз.
•
Басқару панелінің бекітпесі функциясы ыдыс жуғыш машинаны қайта іске қосқаннан кейін де белсенді
тұрады. Басқару панелінің бекітпесі болдырмау үшін алдымен оны сөндіру керек.
Қазақ 51
DW4000RM(A5)_IB_DD81-02709C-02_KK.indd 51
2019-08-28 12:57:20