Инструкция микроволновая печь Samsung MW7300B

Микротолқынды пешті іске қосуға қатысты сақтық шаралары (стр. 77 из 140)

Бренд: Samsung

Страница 77 документа Микроволновая печь Samsung MW7300B. Раздел: Микроволновые печи. Бренд: Samsung.

Текст страницы

Шектеулі кепілдік

Бос тұрған пешті іске қоспаңыз. Қауіпсіздік мақсатында пеш автоматты түрде
30 минутқа сөнеді. Пеш кенет іске қосылып кетсе микротолқын қуатын сіңіру үшін
пештің ішіне әрқашан бір стакан су қойып қоюды ұсынамыз.
Пешті осы нұсқаулықта берілген қашықтықтарды сақтап орнатыңыз. (Микротолқынды
пешті орнату тарауын қараңыз).
Пештің қасында орналасқан розеткаларға басқа электр құрылғыларын қосқан кезде
абай болыңыз.

Микротолқынды пешті іске қосуға қатысты сақтық шаралары

Қауіпсіздік нұсқаулары

Төмендегі сақтық шаралары орындалмаса, микротолқын қуатының қатеріне
ұшырауыңыз мүмкін.
• Есігі ашық тұрған пешті іске қоспаңыз. Қауіпсіздік бекітпелеріне тимеңіз (есіктің
бекітпелері). Қауіпсіздік бекітпесінің саңылауларына ешқашан ешнәрсе сұқпаңыз.
• Пештің есігі мен алдыңғы жағының арасына ештеңе қоймаңыз немесе
тығыздағыштарға тағам немесе тазалағыш заттың қалдықтары жиналуына жол
бермеңіз. Есік пен есік тығыздағышының беттерін, пешті қолданып болған сайын
дымқыл, содан кейін жұмсақ, құрғақ шүберекпен тазалаңыз.
• Зақым келген пешті іске қоспаңыз. Білікті техник жөндегеннен кейін ғана іске
қосыңыз.
Маңызды: пештің есігін дұрыс жабу керек. Есік майыспаған болуы керек;
есіктің топсалары сынған немесе босап тұрмаған болуы керек; есіктің
тығыздағыштарына және тығыздағыш беттеріне нұқсан келмеген болуы керек.
• Барлық түзету және жөндеу жұмыстарын білікті техник іске асыруы керек.

Керек-жарақтарды ауыстыру немесе косметикалық зақымдарды жөндеу жұмыстарын, егер
осы зақымдарды пайдаланушы келтірсе Samsung ақылы түрде іске асырады. Бұған келесі
жағдайлар жатады:
• Соғылған, сызылған немесе сынған есік, тұтқа, сыртқы панель немесе басқару
панелі.
• Сынған немесе жоғалып кеткен науа, сырғыма жол, жалғастырғыш немесе темір
тор.
Бұл пешті тек осы пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген мақсатта ғана қолданыңыз. Бұл
пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген "Ескертулер" мен "Қауіпсіздік нұсқауларында",
орын алуы ықтимал жағдайлар мен оқиғалардың барлығы бірдей қамтылмаған. Пешті
абайлап, сақтықпен орнатуға, күтім көрсетуге және іске қосуға өзіңіз міндеттісіз.
Себебі бұл іске пайдалану нұсқауларында әр түрлі үлгілер қамтылғандықтан,
микротолқынды пешіңіздің техникалық сипаттамасы, осы нұсқаулықта көрсетілген
пештерден сәл өзгеше болуы және ескерту белгілерінің барлығы бірдей сізге қатысты
болмауы мүмкін. Толғандырып жүрген мәселеңіз немесе сұрағыңыз болса, жергілікті
Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз немесе www.samsung.com арқылы
онлайн ақпарат және көмек алыңыз.
Бұл пешті тағам қыздыру үшін ғана пайдаланыңыз. Бұл пеш үйде қолдануға ғана арналған.
Матаны немесе дән толтырылған жастықшаларды қыздырмаңыз. Пешті дұрыс немесе тиісті
түрде қолданбау нәтижесінде орын алған зақым үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Пеш бетінің бүлінуіне және қауіпті жағдайларға жол бермеу үшін пешті әрқашан таза және
жақсы күтіп ұстаңыз.

Құрылғы тобының сипаттамасы

Бұл 2-ші топтағы, B санатына жататын ISM құрылғысы. 2-ші топқа радио-жиіліктегі
қуатты электромагнитті сәуле ретінде, материалдарды өңдеу үшін арнайы шығаратын
ISM құрылғыларының барлығы, сондай-ақ EDM және доғамен дәнекерлейтін
құрылғылар жатады.
B санатына тұрмыста қолдануға арналған немесе төмен кернеулі желіге тіке
жалғанған тұрғын үй кешендерінде қолданылатын құрылғылар жатады.

Қазақша 7

Оглавление

01. DE68-04726K_IB(HTML)_BW_RU 1
Использование микроволновой печи 13
02. DE68-04726K_IB(HTML)_BW_KK 71
Қысқа толқынды пешті пайдалану 82
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Микроволновые печи

DEXP EC-70

24 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Микроволновые печи

DEXP MW20-B02E

24 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Микроволновые печи

DEXP MW20-B02E

24 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Микроволновые печи

Gastrorag WD90023SLB7

8 стр.
Бытовая техника / Техника для кухни / Плиты, СВЧ и печи / Микроволновые печи

HARPER HMW-20ST02

60 стр.