Текст страницы
Пайдаланушы нұсқаулығы
Маңызды нұсқаулар
❏Басып шығару барысында қолыңызды принтердің ішіне салмаңыз.
❏Принтер ішіндегі ақ жалпақ кабельді және сия түтіктерін ұстамаңыз.
❏Құрамында тез тұтанатын газы бар аэрозольді өнімдерді принтердің ішіне немесе айналасында
қолданбаңыз. Солай жасау өртке себеп болуы мүмкін.
❏Басып шығару механизмін қолмен қозғалтпаңыз; әйтпесе принтерді зақымдауыңыз мүмкін.
❏Принтерді әрдайым P түймесінің көмегімен өшіріңіз. Принтерді P жарығының жыпылықтауы тоқтағанға дейін розеткадан ажыратпаңыз немесе қуатын өшірмеңіз.
❏Егер принтерді ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз, қуат сымын электр розеткасынан
ажыратып қойыңыз.
Принтерді тасымалдау не сақтау бойынша ұсыныстар мен ескертулер
❏Принтерді сақтағанда немесе тасымалдағанда, оны еңкейтпеңіз, тігінен қоймаңыз немесе
төңкермеңіз; әйтпесе, сия ағуы мүмкін.
❏Принтерді тасымалдаудан бұрын басып шығару басы бастапқы күйде (оң жақ шетте) екеніне
көз жеткізіңіз.
Принтерді сымсыз қосылыммен пайдалану жөніндегі ұсыныстар мен ескертулер
❏Принтердің радио толқындары медициналық электрондық құралдарды зақымдап, олардың
жұмысына теріс әсер етуі мүмкін.Бұл принтерді медициналық мекемелерде немесе
медициналық құралдың жанында пайдаланған кезде мекемеге жауапты уәкілетті тұлғаның
нұсқауларын сақтаңыз және медициналық құралдың барлық ескертулері мен нұсқауларына
сүйеніңіз.
❏Бұл принтердің радио толқындары автоматты есіктер немесе өрт дабылы секілді автоматты
басқарылатын құрылғылардың жұмысына кері әсер етіп, ақау салдарынан оқыс оқиғаға әкелуі
мүмкін.басқарылатын құрылғылардың жұмысына кері әсер етіп, ақау салдарынан оқыс оқиғаға
әкелуі мүмкін. Бұл принтерді автоматты басқарылатын құрылғылардың жанында пайдаланған
кезде сол құрылғылардың барлық ескертулері мен нұсқауларына сүйеніңіз.
Жеке ақпаратты қорғау
Егер принтерді біреуге берсеңіз немесе оны жойсаңыз, принтердің түймелерін пайдаланып,
әдепкі желі параметрлерін қалпына келтіріңіз. Сонымен қатар принтердің ішкі жадындағы
деректер «Веб конфигурациясының жүйелік параметрлері» бөлімінен жойылғанына көз жеткізіңіз.
Қатысты ақпарат
& “Түймелер мен функциялар” бетте 15
12