Текст страницы
Пайдаланушы нұсқаулығы
Принтерге техникалық қызмет көрсету
Принтерге техникалық қызмет көрсету
Басып шығару механизмінің құрғап кетуін болдырмау
Принтерді қосу және өшіру кезінде әрқашан «Қуат» түймесін пайдаланыңыз.
Қуат сымын ажыратпас бұрын, қуат шамы өшірулі екеніне көз жеткізіңіз.
Сия жабық болмаса, өздігінен құрғап кетуі мүмкін. Қылқалам немесе майлы қалам құрғап кетпеуі
үшін оған қақпақ кигізген секілді, сия құрғап кетпеу үшін басып шығару механизміне қақпақ
дұрыс кигізілгеніне көз жеткізіңіз.
Принтер жұмыс істеп тұрған кезде, қуат сымы ажыратылса немесе қуат кенет өшіп қалса, басып
шығару механизміне қақпақ дұрыс киілмей қалуы мүмкін. Басып шығару механизмі сол күйінде
қалса, сия құрғап, шүмектердің (сия шығыстары) бітелуіне әкеледі.
Осындай жағдайларда, басып шығару механизміне қақпақ киілгенге дейін принтерді қайта өшіріп
қосыңыз.
Шүмектің бітелмегенін тексеру (шүмекті тексеру)
Егер шүмектер бітелген болса, баспалар бұлдыр болады немесе жолақтар көрініп тұрады.
Басып шығару сапасы төмендесе, алдымен шүмекті тексеру мүмкіндігін пайдаланып, шүмектердің
бітелмегенін тексеріңіз.
Шүмектің бітелмегенін тексеру (шүмекті тексеру) — принтер түймелері
1.
A4 өлшемді қарапайым қағазды қағаз кассетасына жүктеңіз.
2. Принтерді өшіру үшін P түймесін басыңыз.
85