Текст страницы
Пайдаланушы нұсқаулығы
Желі қызметі және бағдарламалық құрал ақпараты
Қатысты ақпарат
& “Epson iPrint функциясын пайдалану” бетте 71
Web Config бағдарламасын Windows жүйесінде іске қосу
Компьютерді принтерге WSD арқылы қосқанда Web Config функциясын іске қосу үшін төмендегі
қадамдарды орындаңыз.
1.
Компьютердегі принтерлер тізімін ашыңыз.
❏Windows 10/Windows Server 2016
Бастау түймесін басып, Windows жүйесі > Басқару тақтасы > Құрылғылар мен
принтерлерді көру түймесін Жабдық және дыбыс тармағынан таңдаңыз.
❏Windows 8.1/Windows 8/Windows Server 2012 R2/Windows Server 2012
Жұмыс үстелі > Параметрлер > Басқару тақтасы > Құрылғылар мен
принтерлерді көру тармағын Жабдық және дыбыс (немесе Жабдық) ішінде
таңдаңыз.
❏Windows 7/Windows Server 2008 R2
Бастау түймесін басып, Басқару тақтасы > Құрылғылар мен принтерлерді көру
түймесін Жабдық және дыбыс тармағынан таңдаңыз.
❏Windows Vista/Windows Server 2008
Бастау түймесін басып, Басқару тақтасы > Принтерлер түймесін Жабдық және
дыбыс тармағынан таңдаңыз.
2.
Принтерді тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Сипаттар тармағын таңдаңыз.
3.
Веб-қызмет қойындысын таңдап, URL мекенжайын басыңыз.
Web Config бағдарламасын Mac OS жүйесінде іске қосу
1.
Жүйе параметрлері тармағын
мәзірінен > Принтерлер және сканерлер (немесе
Басып шығару және сканерлеу, Басып шығару және факс) тармағынан таңдап,
принтерді таңдаңыз.
2.
Опциялар және шығын материалдары> Принтер веб-бетін көрсету тармағын
басыңыз.
Веб-беттерді басып шығаруға арналған қолданба (E-Web Print)
E-Web Print — әртүрлі орналасулары бар веб-беттерді оңай басып шығаруға мүмкіндік беретін
қолданба. Мәліметтер алу үшін қолданбаның анықтамасын қараңыз. Анықтамаға E-Web Print
құралдар тақтасындағы E-Web Print мәзірінен қатынасуға болады.
99