Инструкция принтер струйный Epson M1180

Epson Print Enabler пайдалану (стр. 73 из 152)

Бренд: Epson

Страница 73 документа Принтер струйный Epson M1180. Раздел: Струйные принтеры. Бренд: Epson.

Текст страницы

Пайдаланушы нұсқаулығы

Басып шығару

D
Фотосуреттер мен құжаттар сияқты нені басып шығарғыңыз келетінін таңдаңыз.

E
Фотосурет мәзірі таңдалған кезде фотосуреттерді басып шығару экраны шығады.

F
Қағаз өлшемі және қағаз түрі сияқты басып шығару параметрлерін жасау үшін экранды
көрсетеді.

G
Қағаз өлшемін көрсетеді. Бұл түйме ретінде көрсетілген кезде принтерде орнатылған қағаз
параметрлерін көрсету үшін осыны түртіңіз.

H
Сіз таңдаған фотосуреттер мен құжаттарды көрсетеді.

I
Басып шығаруды бастайды.

Ескертпе:
iPhone жүйесінде жұмыс істейтін iPad, iPod touch жәнеiOS құрылғыларының көмегімен құжат мәзірінен
басып шығару үшін, Epson iPrint ішіндегі файлды ортақ пайдалану функциясы арқылы басып
шығарғыңыз келген құжатты тасымалдағаннан кейін iTunes функциясын іске қосыңыз.

Epson Print Enabler пайдалану

Құжаттарды, электрондық хабарларды, фотосуреттерді және веб-беттерді Android телефонынан
немесе планшетінен (Android 4.4 немесе кейінгі нұсқасы) тікелей сымсыз басып шығаруға болады.
Бірнеше түймені түртсеңіз, Android құрылғысы бір сымсыз желіге жалғанған Epson принтерін
анықтайтын болады.

Ескертпе:
Әрекеттер құрылғыға байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.

1.
Қағазды принтерге салыңыз.

2.
Принтеріңізді сымсыз басып шығаруға реттеңіз.

3.
Android құрылғысында Google Play дүкенінен Epson Print Enabler қосылатын модулін
орнатыңыз.

4.
Android құрылғысын принтердікімен бірдей сымсыз желіге қосыңыз.

5.
Android құрылғысынан Параметрлер бетіне өтіп, Жалғанған құрылғылар > Басып
шығару тармақтарын таңдаңыз да, Epson Print Enabler функциясын қосыңыз.

6.
Chrome секілді Android қолданбасынан мәзір белгішесін түртіп, экранда көрсетілгенді басып
шығарыңыз.

Ескертпе:
Принтерді көрмесеңіз, Барлық принтерлер түймесін түртіп, принтерді таңдаңыз.

Қатысты ақпарат

& “Қағазды Қағаз кассетасы ішіне салу” бетте 37

& “Смарт құрылғыға қосу” бетте 21

73

Оглавление

Басып шығару 45
Принтерге техникалық қызмет көрсету 85
Ақаулықтарды шешу 106