Инструкция принтер струйный Epson M1180

E-5 (стр. 28 из 152)

Бренд: Epson

Страница 28 документа Принтер струйный Epson M1180. Раздел: Струйные принтеры. Бренд: Epson.

Текст страницы

Пайдаланушы нұсқаулығы

Желі параметрлері

Қатысты ақпарат

& “Компьютерге қосу” бетте 20

& “Принтерден Wi-Fi реттеулерін жасау” бетте 21

E-5

Шешімдер:

Сымсыз роутердің қауіпсіздік түрі төмендегілердің біріне орнатылғандығын тексеріңіз. Егер олай
болмаса, сымсыз роутердегі қауіпсіздік түрін өзгертіңіз, содан соң принтердің желі параметрлерін
қалпына келтіріңіз.

❏WEP-64 бит (40 бит)

❏WEP-128 бит (104 бит)

❏WPA PSK (TKIP/AES)*

❏WPA2 PSK (TKIP/AES)*

❏WPA (TKIP/AES)

❏WPA2 (TKIP/AES)

*
WPA PSK сондай-ақ WPA жеке режимі деп аталады. WPA2 PSK сондай-ақ WPA2 жеке режимі деп аталады.

E-6

Шешімдер:

❏MAC мекенжайын сүзгілеудің өшірілгендігін тексеріңіз. Егер ол қосылған болса, принтердің MAC
мекенжайын ол сүзгіленбейтіндей етіп тіркеңіз. Толық мәліметтерді сымсыз роутермен бірге
берілген құжаттамадан қараңыз. Принтердің MAC мекенжайын желі қосылымы туралы есептегі
Network Status бөлімінен тексеруге болады.

❏Егер сымсыз роутер WEP қауіпсіздігімен ортақ аутентификацияны пайдаланатын болса,
аутентификация кілті мен индексінің дұрыс екендігіне көз жеткізіңіз.

❏Егер сымсыз роутердегі қосылатын құрылғылардың саны қосу керек желілік құрылғылар
санынан аз болса, қосылатын құрылғылардың санын арттыру үшін сымсыз роутерде
параметрлерді реттеңіз. Параметрлерді реттеу үшін сымсыз роутермен бірге берілген
құжаттаманы қараңыз.

Қатысты ақпарат

& “Желі күйі парағын басып шығару” бетте 31

E-8

Шешімдер:

❏Егер принтердің IP мекенжайын алу параметрі Авто болып орнатылған болса, сымсыз
роутердегі DHCP протоколын қосыңыз.

28

Оглавление

Басып шығару 45
Принтерге техникалық қызмет көрсету 85
Ақаулықтарды шешу 106