Текст страницы
Қысқа толқынды пешті пайдалану
Код/тағам
Порция
мөлшері
Ұсыныстар
Код/тағам
Порция
мөлшері
Ұсыныстар
Ингредиенттер
500 мл су, 30 г қара өрік, 30 г кептірілген шабдалы
жартылары, 30 г кептірілген алма, ½ лимон, 70 г қант,
1 даршын таяқшасы
Ингредиенттер
200 г ақ сақа сүбесі, 1 моцарелла шары, 40 г грек жаңғағы,
2 жолақ сүрленген бекон, 2 уыс ұсақталған қытырлақ картоп,
1 ас қасық өсімдік майы, дәміне қарай қара бұрыш
5-25
Кепкен жемістер
компоты
700 - 750 г
350 - 400 г
5-27
Қытырлақ
ірімшік қоспасы
қосылған балық
Нұсқаулар
Барлық кептірілген жемісті жуып, шұңғыл тостағанға
салыңыз және суды төгіңіз. Даршын және қант қосып,
араластырыңыз. Лимон цедрасын ұсақ үккіштен өткізіп, оны
компотқа қосыңыз. Дәміне қарай кішкене лимон шырынын
қосуға да болады. Оларды қысқа толқынды пешке салып,
іске қосу түймесін басыңыз. Дастарханға ұсынбас бұрын біраз
уақыт қоя тұрыңыз.
Нұсқаулар
Балық сүбесін порция мөлшеріне қарай бөліп, оларды
жайпақ тәрелкеге салыңыз да, аздап бұрыш қосыңыз.
Моцарелланы сақиналарға бөліңіз және оларды балық
үстіне салыңыз. Беконды кішкентай бөліктерге тураңыз,
грек жаңғақтарын пышақпен ұсақтаңыз. Бекон, қытырлақ
картоптар және грек жаңғақтарын бөлек тостағанда
араластырыңыз. Дайын қоспаны балықтың үстіне салып,
кішкене май себіңіз. Оларды қысқа толқынды пешке
салыңыз. Іске қосу түймесін басыңыз. Дастарханға ұсынбас
бұрын 2 - 3 минут қоя тұрыңыз.
Ингредиенттер
250 г тауық қанаты, 2 см зімбір тамыры, 1 түйір сарымсақ,
1 шағын кептірілген чили бұрышы, 1 ас қасық өсімдік майы,
1 ас қасық күнжіт, 1 ас қасық соя тұздығы, 1 ас қасық сұйық
бал, 60 мл құрғақ шарап немесе портвейн
Ингредиенттер
180 г пангасиус және тилапия сүбесі, 150 г брокколи,
1 апельсин, 50 г қуырылған бадам, 30 г сары май, 1 шай қасық
ұн, тұз, дәміне қарай қара бұрыш
6 дана
Қысқа толқынды пешті пайдалану
5-26
Қытайша
дайындалатын
тауық қанаттары
550 - 600 г
5-28
Брокколи және
бадам қосылған
балық
Нұсқаулар
Тауық қанаттарын жуыңыз және оларды буындарынан
бөліңіз. Ең жұқа бөлігін алып тастаңыз. Бал, шарап, соя
тұздығы және майды сорпа тәрелкесінде араластырыңыз.
Туралған сарымсақ, ұнтақталған зімбір, ұсақталған
бұрыш және күнжіт дәндерінің жартысын қосыңыз.
Қанаттарға маринад жағыңыз және тоңазытқышта 1 сағатқа
қалдырыңыз. Қанаттарды жалпақ тәрелкеге салыңыз, қалған
күнжіт дәндерін себіңіз. Төменгі торға қойыңыз және қысқа
толқынды пешке салыңыз. Іске қосу түймесін басыңыз.
Пісіргеннен кейін қанаттардың маринадын шағын тостағанға
құйып, қысқа толқынды пеште 3 минут бойы 600 ватт қуатта
пісіріңіз. Дайын тұздықты қанаттармен бірге дастарханға
ұсыныңыз.
Нұсқаулар
Апельсин қабығын шағын тостағанға үккіштен өткізу үшін
ұсақ үккішті пайдаланыңыз және апельсин шырынын сол
тостағанға сығыңыз. Балықты жуып, сорпа тәрелкесіне
салыңыз. Брокколиді гүлшоғырларға бөліп, балықтың
айналасына жайыңыз. Апельсин қабығы мен шырыны бар
тостағанға сары май және аздап ұн салыңыз. Араластырыңыз
және тұз, бұрыш қосыңыз. 600 ватт қуаттағы қысқа толқынды
пеште 2 минут қыздырыңыз. Балық және қырыққабатты
дайын тұздыққа батырыңыз. Бадамды үлкен етіп тураңыз,
балық пен қырыққабатқа бадамды себіңіз және дәміне қарай
бұрыш қосыңыз. Оларды қысқа толқынды пешке салыңыз.
Іске қосу түймесін басыңыз. Дастарханға ұсынбас бұрын
2 - 3 минут қоя тұрыңыз.
30 Қазақша