Инструкция встраиваемая микроволновая печь Samsung MG23A7118AK/BW

Микротолқынды пешті іске қосуға қатысты сақтық шаралары (стр. 107 из 200)

Бренд: Samsung

Страница 107 документа Встраиваемая микроволновая печь Samsung MG23A7118AK/BW. Раздел: Встраиваемые микроволновые печи. Бренд: Samsung.

Текст страницы

Микротолқынға қатысты ескерту

Микротолқынды пешті іске қосуға қатысты сақтық шаралары

Сусындарды микротолқынмен қыздырғанда кенет тасып төгілуі мүмкін, сондықтан сауытты
әрқашан абайлап ұстау керек. Сусындарды әрқашан 20 секунд қоя тұрғаннан кейін алыңыз.
Қажет болса, қыздыру барысында араластырыңыз. Қыздырып болғаннан кейін әрқашан
араластырыңыз.
Бу шалып кетсе, төмендегі алғашқы жәрдем нұсқауларын орындаңыз:

Қауіпсіздік нұсқаулары

1.
Бу шалып кеткен жерді кем дегенде 10 минут суық суға малыңыз.
2.
Таза, құрғақ дәкемен жабыңыз.
3.
Ешбір крем, май немесе лосьон жақпаңыз.
Науаға немесе торға зақым келтірмеу үшін тағам пісіріп болғаннан кейін суға дереу салмаңыз.
Пешті тағамды майға батырып қуыру үшін пайдаланбаңыз, себебі, май температурасын бақылау
мүмкін емес. Нәтижесінде ыстық май тасып төгілуі мүмкін.

Төмендегі сақтық шаралары орындалмаса, микротолқын қуатының қатеріне ұшырауыңыз мүмкін.

Есігі ашық тұрған пешті іске қоспаңыз. Қауіпсіздік бекітпелеріне тимеңіз (есіктің бекітпелері).
Қауіпсіздік бекітпесінің саңылауларына ешқашан ешнәрсе сұқпаңыз.

Пештің есігі мен алдыңғы жағының арасына ештеңе қоймаңыз немесе тығыздағыштарға
тағам немесе тазалағыш заттың қалдықтары жиналуына жол бермеңіз. Есік пен есік
тығыздағышының беттерін, пешті қолданып болған сайын дымқыл, содан кейін жұмсақ,
құрғақ шүберекпен тазалаңыз.

Зақым келген пешті іске қоспаңыз. Білікті техник жөндегеннен кейін ғана іске қосыңыз.
Маңызды: пештің есігін дұрыс жабу керек. Есік майыспаған болуы керек; есіктің топсалары
сынған немесе босап тұрмаған болуы керек; есіктің тығыздағыштарына және тығыздағыш
беттеріне нұқсан келмеген болуы керек.

Барлық түзету және жөндеу жұмыстарын білікті техник іске асыруы керек.

Микротолқынды пешке қатысты сақтық шаралары

Микротолқынға төзімді ыдыстарды ғана пайдаланыңыз. Темір сауыттардың ешқайсысын,
жиектері алтын немесе күміспен жалатылған ас ыдыстарын, істікті т.б. ешқашан қолданбаңыз.
Темір бауларын алыңыз. Электр тоғы ұшқындауы мүмкін.
Пешті қағаз немесе киім кептіру үшін қолданбаңыз.
Аз тағам қатты ысып және күйіп кетпес үшін қысқа уақытты қолданыңыз.
Қуат сымы немесе ашасын су немесе қызу көздерінен алыс ұстаңыз.
Жарылыс қаупін болдырмау үшін қабығы бар жұмыртқаларды немесе бітеу пісірілген
жұмыртқаларды қыздырмаңыз. Тұмшаланып жабылған немесе вакуум сауыттарды,
жаңғақтарды, қызанақтарды т.б. қыздырмаңыз.
Желдеткіш саңылауларды киіммен немесе қағазбен бітемеңіз. Өрт шығу қаупі бар. Пеш қатты
қызып кетіп, автоматты түрде сөніп, әбден суығанша сөнген қалпы тұруы мүмкін.
Тағамды пештен алғанда әрқашан пешке арналған қолғапты қолданыңыз.
Сұйық заттарды қыздырудың орта тұсына келгенде немесе қыздырып болғаннан кейін
араластырыңыз және қыздырып болғаннан кейін кенет тасып кетпес үшін 20 секунд қоя тұрыңыз.
Пештің есігін ашқан кезде, ыстық ауа немесе буға күйіп қалмас үшін қолдың ұзындығындай
жерде алыс тұрыңыз.
Бос тұрған пешті іске қоспаңыз. Қауіпсіздік мақсатында пеш автоматты түрде 30 минутқа сөнеді.
Пеш кенет іске қосылып кетсе микротолқын қуатын сіңіру үшін оның ішіне әрқашан бір стакан су
қойып қоюды ұсынамыз.
Пешті осы нұсқаулықта берілген қашықтықтарды сақтап орнатыңыз. (Микротолқынды пешті
орнату тарауын қараңыз).
Пештің қасында орналасқан розеткаларға басқа электр құрылғыларын қосқан кезде абай
болыңыз.

Қазақ 7

User_MG23A7118AW_BW_DE68-04660B-00_KK.indd 7
User_MG23A7118AW_BW_DE68-04660B-00_KK.indd 7
10-Feb-21 1:57:22 PM
10-Feb-21 1:57:22 PM

Оглавление

User_MG23A7118AW_BW_DE68-04660B-00_RU 1
User_MG23A7118AW_BW_DE68-04660B-00_UK 51
User_MG23A7118AW_BW_DE68-04660B-00_KK 101
User_MG23A7118AW_BW_DE68-04660B-00_UZ 151
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые микроволновые печи

DEXP Rustic 01

20 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые микроволновые печи

DEXP Rustic 01

20 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые микроволновые печи

Eigen BI-MW934С

32 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые микроволновые печи

Eigen BI-MW934С

32 стр.
Бытовая техника / Встраиваемая техника / Встраиваемые микроволновые печи

Gorenje BM235G1SYW

312 стр.