Инструкция пылесос моющий Karcher SE 4 Plus

Құрылғы бастиегін алып тастаңыз (стр. 157 из 176)

Бренд: Karcher

Страница 157 документа Пылесос моющий Karcher SE 4 Plus. Раздел: Напольные пылесосы. Бренд: Karcher.

Текст страницы

Құрылғы бастиегін алып тастаңыз
1. Тасымалдау тұтқасын алға қарай тартыңыз.
Сурет C
Құрылғы бастиегінің құлпы ашылады.
2. Құрылғы бастиегін алып тастаңыз.
Сурет D

Айналмалы роликтерді орнатыңыз
1. Контейнерден айналмалы роликтерді
шығарыңыз.
Сурет D
2. Контейнерді аударыңыз.
3. Айналмалы роликтерді контейнер түбіндегі
саңылауларға тірелгенше басыңыз.
Сурет E
4. Контейнерді аударыңыз.

Құрылғы бастиегін бекітіңіз
1. Құрылғы бастиегін контейнерге бекітіңіз.
2. Тасымалдау тұтқасын жоғары қарай тартыңыз.
Құрылғы бастиегі құлыпталады.
Сурет F

Таза су багін салу
1. Таза су багін төменге орнатыңыз.
2. Таза су багін құрылғы бастиегінің жоғарғы
жағына басыңыз.
3. Таза су багінің орнына бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Сурет G

Сорғыш жəне бүріккіш шлангті жалғау
1. Сорғыш жəне бүріккіш шлангті құрылғыдағы
жалғағышқа қосыңыз, екі бөлік те естілетіндей
орнына түсуі керек.
Сурет H
2. Қажет болса, керек-жарақтарды орнатыңыз.
Бөлімін қараңыз Қондырғыларды монтаждау.

Сурет K
Сурет L
Шаңсорғышпен ылғалды жəне құрғақ тазалауға
арналған керек-жарақтарды орнатыңыз
1. Еден тазалау үшін бүріккіш сору құбырларын
біріктіріп, оларды сорғыш шлангіге жалғаңыз;
барлық бөліктер естілетіндей орнына түсуі керек.
Сурет I
2. Еден саптамасын бүріккіш сору құбырларына
салыңыз.
Сурет M
3. Еден жабыны мен тазалау қажеттілігіне қарай,
еден саптамасының дұрыс кірістірмелері мен
баптауларына назар аударыңыз.
Нұсқау
Еден саптамасын кірістірмелермен пайдалану

Кілемді едендерді тазалау үшін кілемді
едендерге арналған кірістірмені пайдаланыңыз.

Құрғақ кірді, қатты еденді немесе суды тазалау
үшін - аралас кірістірмені (щетка жолақтары
мен резеңке жиек) пайдаланыңыз.
Сурет N
Нұсқау
Ауыстырып-қосылатын еден саптамасын қолдану

Құрғақ кірді сорып алу үшін ғана қолданыңыз!

Кілемдерді тазалау үшін щетка жолақтарының
астыңғы жағынан тартылған күйін
қолданыңыз.

Қатты едендерді тазалау үшін щетка
жолақтарының астыңғы жағынан тартылған
күйін қолданыңыз.
Сурет O
4. Мысалы, жұмсақ жиһазды тазалау үшін сорғыш
шлангтің тұтқасына төсенішті немесе ойықты
саптаманы тікелей сырғытыңыз.
Сурет P

Пайдалану

Қондырманы ажыратыңыз
Жуып-сору керек-жарақтарын ажыратыңыз
1. Еден жуу саптамасының қатты еден
қондырмасын алыңыз.
Сурет J
2. Құлпын ашу түймесін басып, еден жуу
саптамасын бүріккіш сору құбырларынан
ажыратыңыз.
Сурет J
3. Құлпын ашу түймесін басып, бүріккіш сору
құбырларын бір-бірінен ажыратыңыз.
Сурет I
4. Жуу немесе ойықты саптамалардағы құлпын
ашу түймесін басып, оны сорғыш шлангтен
ажыратыңыз.
Сурет K
Сурет L
Шаңсорғышпен құрғақ тазалауға арналған керек-
жарақтарды ажыратыңыз
1. Еден саптамасын бүріккіш сору құбырынан
ажыратыңыз.
Сурет M
2. Құлпын ашу түймесін басып, бүріккіш сору
құбырларын ажыратыңыз.
Сурет I
3. Төсенішті немесе ойықты саптаманы сорғыш
шлангтен ажыратыңыз.
Сурет P

Қондырғыларды монтаждау
Жуып-сору керек-жарақтарын орнатыңыз
Еден тазалау
Кілемдерді немесе қатты едендерді тазалау үшін
еден жууға арналған саптаманы (қатты еден
қондырмасы бар) пайдаланыңыз.
1. Бүріккіш сору құбырларын біріктіріп, оларды
сорғыш шлангіге жалғаңыз; барлық бөліктер
естілетіндей орнына түсуі керек.
Сурет I
2. Еден жуу саптамасын бүріккіш сору
құбырларына сырт еткен дыбыс естілгенше
салыңыз.
Нұсқау
Қатты едендерді тазалау үшін қатты еден
қондырмасын қолданыңыз.

Қатты еден қондырмасын еден жуу саптамасына
сырт еткен дыбыс естілгенше салыңыз.
Резеңке жиегі алға, щетка жолақтары артқа
бағытталған.
Сурет J
Төсенішті тазалау
Қажеттіліктеріңізге байланысты, мысалы,
төсеніштер мен матрацтарды тазалау үшін төсенішті
жуу саптамасын немесе ойықты жуу саптамасын
пайдаланыңыз.

Төсенішті жуу саптамасын немесе ойықты жуу
саптамасын сорғыш шлангінің тұтқасына сырт
етіп орнына түскенше салыңыз.

Қазақша
157

Оглавление

Бытовая техника / Техника для дома / Уборка / Напольные пылесосы

Blackton Bt VC1802B

20 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Уборка / Напольные пылесосы

Bosch BWD41720

125 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Уборка / Напольные пылесосы

Bosch BWD41720

125 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Уборка / Напольные пылесосы

Bosch BWD420HYG

125 стр.
Бытовая техника / Техника для дома / Уборка / Напольные пылесосы

Bosch BWD420HYG

125 стр.