Инструкция аккумуляторная отвертка Bosch GO 3 Kit

Жинау (стр. 247 из 404)

Бренд: Bosch

Страница 247 документа Аккумуляторная отвертка Bosch GO 3 Kit. Раздел: Аккумуляторные отвертки. Бренд: Bosch.

Текст страницы

Қазақ | 247

Жинау

u Электр құралымен жұмыс істемес бұрын (мысалы, техникалық қызмет

көрсету, құралды ауыстыру және т.б.), сондай-ақ оны тасымалдау және
сақтау кезінде, айналу бағытын ауыстырып-қосқышты ортаңғы күйге
жылжытыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі
туындайды.

Аккумуляторды зарядтау (A суретін қараңыз)

u Зарядтау үшін USB зарядтау құрылғысын немесе кернеуі 5 В, ток күші кем

дегенде 1,0 А зарядтау құрылғысын пайдаланыңыз.USB зарядтау құрылғысының
пайдалану нұсқауларын орындаңыз.
Ұсынылатын зарядтау құрылғысы: "Техникалық деректер" тарауын қараңыз.

u Желілік кернеуге назар аударыңыз! Ток көзінің кернеуі штепсельдік қуат

блогының фирмалық тақтайшасындағы мәліметтерге сәйкес келуі тиіс. 230 В деп
белгіленген штепсельдік қуат блоктарын 220 В шамасында да пайдалануға
болады.
Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес
ішінара зарядталған күйде жеткізіледі.Аккумулятордың толық қуатын пайдалану
үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз.
Аккумуляторды зарядтау үшін USB зарядтау ұясын USB кабелі арқылы штепсельдік
қуат блогына жалғаңыз. Штепсельдік қуат блогын розеткаға енгізіңіз.

u Электр құралы автоматты түрде өшкеннен кейін, шпиндельге бұдан былай

қысым қолданбаңыз. Аккумулятор зақымдалуы мүмкін.

u Электр құралы автоматты өшкеннен соң қосқыш/өшіргішті енді басушы

болмаңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (8) жұмыс шамы да болып табылады.
Индикатор зарядтау процесін көрсетеді. Зарядтау кезінде индикатор
жыпылықтайды. Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (8) үздіксіз жанып
тұрса, бұл аккумулятордың зарядталғанын білдіреді.
Зарядтау әдісінде электр құралының тұтқасы қызып кетеді. Бұл қалыпты жағдай.
Ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз зарядтау құралын тоқ желісінен ажыратыңыз. Электр
құралын зарядтау кезінде пайдалануға болмайды және зарядтау кезінде істемесе
бұзылған болып табылмайды. Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.

Bosch Power Tools
1 609 92A 7HS | (08.09.2023)

Оглавление

Ελληνικά 133
Русский 208
Українська 224
Қазақ 237
Български 265
Македонски 278
عربي 370
فارسی 381
Инструмент и стройка / Электроинструменты / Сверлильные инструменты / Аккумуляторные отвертки

Bosch GO 3

404 стр.
Инструмент и стройка / Электроинструменты / Сверлильные инструменты / Аккумуляторные отвертки

Bosch GO 3

404 стр.