Текст страницы
Қазақ | 249
Айналу моментін алдын ала таңдау
Айналу моментін алдын ала таңдауға арналған реттегіш сақинаның (3) көмегімен
қажетті айналу моментін 7 қадам бойынша таңдауға болады. Реттелген айналу
моментіне жеткенде, алмалы-салмалы аспаптың айналма қозғалысы тоқтап қалады.
1-қадам:
Шағын диаметрлі немесе жұмсақ дайындамадағы бұрандаларды бұрап кіргізуге
арналған төменірек айналу моменті.
7-қадам:
Үлкен диаметрлі немесе қатты дайындамадағы бұрандаларды бұрап кіргізуге
арналған жоғарырақ айналу моменті.
Артық жүктемеден жылу қорғанышы
Тағайындалуына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралы артық жүктелмейді. Асқын
жүктелгенде немесе аккумулятор температурасы ұйғарынды мөлшерден асып
кетсе, электроника электр құралын тиісті температура аймағына қайту үшін
автоматты өшіреді.
Терең заряд жоғалту қорғанысы
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection (ECP)" (электрондық
элементтерді қорғау) арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор
заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-
салмалы аспап басқа қозғалмайды.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
u Электр құралымен жұмыс істемес бұрын (мысалы, техникалық қызмет
көрсету, құралды ауыстыру және т.б.), сондай-ақ оны тасымалдау және
сақтау кезінде, айналу бағытын ауыстырып-қосқышты ортаңғы күйге
жылжытыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі
туындайды.
u Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралын таза ұстаңыз.
Аккумулятор жұмыс істемей қалса, Bosch электр құралдарының өкілетті сервистік
орталығына хабарласыңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол
бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары
бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс.
Bosch Power Tools
1 609 92A 7HS | (08.09.2023)