Текст страницы
252 | Қазақ
– қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе
сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның бөліктері;
– электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған ақаулар. (Құралға артық
жүктеме түсудің шартсыз белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда
болуы немесе электр құралы бөліктері мен түйіндерінің деформациясы немесе
қорытылуы, жоғары температура әсерінен электр қозғалтқышындағы сымдар
оқшаулағышының қараюы немесе көмірленуі.)
Тасымалдау
Бұл литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға қойылатын талаптарға сай
болуы керек. Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз
тасымалдай алады.
Үшінші тұлғалар (мысалы, әуе көлігі немесе жіберу) орамаға және маркаларға
қойылатын арнайы талаптарды сақтау керек. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті
жүктерді тасымалдау маманымен хабарласу керек.
Кәдеге жарату
Электр құралдарды, аккумуляторларды, керек-жарақтарды және орау
материалдарын экологиялық тұрғыдан дұрыс утилизациялауға тапсыру
керек.
Электр құралдарды және аккумуляторларды/батареяларды үй қоқысына
тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Ескі электрлік және электрондық құрылғылар туралы 2012/19/EU еуропалық
директивасы және оның ұлттық заңнамада қолданылуы бойынша пайдалануға бұдан
былай жарамсыз электрлік құралдарды және 2006/66/ЕC еуропалық директивасы
бойынша зақымдалған немесе ескірген аккумуляторларды/батареяларды бөлек
жинап, қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен қайта өңдеуге жіберу қажет.
Қате жолмен кәдеге жаратылған ескі электрлік және электрондық құрылғылар
қауіпті заттардың болу мүмкіндігіне байланысты қоршаған ортаға және адам
денсаулығына зиянды әсер тигізуі мүмкін.
Аккумуляторлар/батареялар:
Литий-иондық:
Тасымалдау бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз (қараңыз „Тасымалдау“, Бет 252).
1 609 92A 7HS | (08.09.2023)
Bosch Power Tools